Қоғам

Алматы облысының өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Алатау әуендері» ұйымы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында концерт қойды. Әртістердің өнерін 3 шаһардың 2 мыңға жуық тұрғыны тамашалады.

«Ән бесігі – Алатау» атты концерттік бағдарламасы аясында өңір әртістері «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі және эстрадалық жанрда ән айтты. Ұлттық және заманауи биден шашу шашты. Сонымен қатар, түрлі аспаптың құлағында ойнап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ұйым өнерпаздары жалпы саны 21 концерттік номер көрсеткен.

«Түркістан қаласында облыстық әмбебап ғылыми «Фараб» кітапханасында концерт қойдық. Көрермен көп жиналды. Ал Таразда «Баласағұн» орталық концерт залында ұйымдастырдық. Ондағы мәдениет үйінде бірде бір орын бос қалған жоқ. Шымкент қаласында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында жоғары деңгейде өткіздік. 3 қаланың жұртшылығына алғыс айтамыз. Көрермен ықыласына бөленіп, шабыт алып қайттық», – деді «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры Ұлпан Ербатырова.

Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленген «Алатау әуендері» концерттік ұйымының әртістері жыл басынан бері Алматы облысының 160-тан аса түрлі шарасында өнер көрсеткен. Қазір ұжымда 70-ке жуық адам қызмет етеді. Айта кетерлігі, іссапар Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Алматы облысы: Мәжілісмендер азаматтарды қабылдайды

Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай және Максим Рожин азаматтарды қабылдау үшін келді. Азаматтарды қабылдау уақыты мен орны туралы ақпарат прокуратура органдарының сайттарында және
Қоғам

Азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салынатын заң жобасы әзірленді

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірленді.
Қоғам

Аманаттықтар вандализммен күресуді жалғастырып жатыр

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастыруда. Кеше осы тақырып аясында дөңгелек үстел өтіп, оған белсенділер, сарапшылар, Мәжіліс
Қоғам

Алматы облысында айрықша үлгідегі кітап орталығы ашылды

Оған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев және зиялықауым өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырмандар қатысты.  Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың