Спорт

«Жетісу» командасы Азия чемпиондар лигасында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды

Талдықорғандық волейболшылар финалда Вьетнам клубын ұтып, Әлем чемпионатына жолдама алды

Талдықорғанның «Жетісу» әйелдер волейбол командасы Филиппинде өткен Азия чемпиондар лигасында үздік нәтиже көрсетті. Финалдық матчта жерлестеріміз Вьетнамның «VTV Bình Điền Long An» клубын 3:1 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлайды Mandat.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісу» командасы бұған дейін Азия клубтық чемпионатында тоғыз мәрте бақ сынап, 2010 және 2013 жылдары қола медаль иеленген еді. Биылғы жеңіс — команданың алғашқы алтын жүлдесі.

Азия чемпиондар лигасында Қазақстан, Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам, Гонконг, Иордания және Иранның үздік әйелдер клубтары бақ сынады.

Жаңа жетістік «Жетісуға» биыл қыркүйек айында Таиландта өтетін әлемдік клубтар чемпионатына қатысу мүмкіндігін береді.

Читайте также

Nothing Found! Ready to publish your first post? Get started here.