Без рубрики

Алматы облысында ТЖД қызметкерлері мен ардагерлер Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Қызметкерлер марапатталып, ардагерлерге алғыс білдірілді

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға жеке құрам, ардагерлер және құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында соғыс ардагерлерінің рухына тағзым жасалып, бір минут үнсіздік жарияланды. Құттықтау сөз сөйлеген ТЖД бастығының міндетін атқарушы, подполковник Даурен Оразбеков пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мират Қабылов ардагерлерге алғыс білдіріп, қызметкерлерге табыс тіледі.

Мерекелік жиында бірқатар қызметкерге ведомстволық марапаттар – «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар мен арнаулы атақтар табысталды. Ардагерлер «Ардагер – Ветеран» және «Құрметті ардагер» төсбелгілерімен марапатталды.

Шара патриоттық әндермен және бейнеролик көрсетілімімен аяқталды.