Қоғам

Алматы облысының өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Алатау әуендері» ұйымы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында концерт қойды. Әртістердің өнерін 3 шаһардың 2 мыңға жуық тұрғыны тамашалады.

«Ән бесігі – Алатау» атты концерттік бағдарламасы аясында өңір әртістері «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі және эстрадалық жанрда ән айтты. Ұлттық және заманауи биден шашу шашты. Сонымен қатар, түрлі аспаптың құлағында ойнап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ұйым өнерпаздары жалпы саны 21 концерттік номер көрсеткен.

«Түркістан қаласында облыстық әмбебап ғылыми «Фараб» кітапханасында концерт қойдық. Көрермен көп жиналды. Ал Таразда «Баласағұн» орталық концерт залында ұйымдастырдық. Ондағы мәдениет үйінде бірде бір орын бос қалған жоқ. Шымкент қаласында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында жоғары деңгейде өткіздік. 3 қаланың жұртшылығына алғыс айтамыз. Көрермен ықыласына бөленіп, шабыт алып қайттық», – деді «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры Ұлпан Ербатырова.

Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленген «Алатау әуендері» концерттік ұйымының әртістері жыл басынан бері Алматы облысының 160-тан аса түрлі шарасында өнер көрсеткен. Қазір ұжымда 70-ке жуық адам қызмет етеді. Айта кетерлігі, іссапар Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Алматы облысында 5 мыңдай аманат етілген әлемдік мұра жойылып кету қаупінде тұр

Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы облыстық Партиялық бақылау комиссиясының отырысында талқыланды. Жиынға тарихшылар, экологтар, қоғам белсенділері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. «Охотники за петроглифами» ҚБ директоры Ольга Гумированың айтуынша, Аққайнардағы
Қоғам

Әскери қызметкерлердің еңбекақысы мұғалімдер мен дәрігерлердікіндей болуы керек – Максим Рожин

Халық қалаулысы әскерилендірілген объектінің жұмысымен танысып, оның материалдық-техникалық базасын тексерді. Алайда әскери қызметшілердің еңбекақы мәселесі мәжілісменді таң қалдырды. Бүгінде бөлім құрамының айлығы шамамен 120 мың теңгені құрайды. Депутаттың айтуынша, бұл
Қоғам

Алматы облысы: Аманаттықтар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеді

Өңір бойынша азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай бағаларын тұрақтандыру мақсатында партия жанынан мониторинг топтары жұмыс атқаруда. «Жыл басынан бері мониторинг топтары 749 нысанға барды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында біз
Без рубрики

АЭС салу мәселесін халық шешеді – Тоқаев

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын