Жаңалықтар

Алматы облысында Республика күні қарсаңында 35 азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мұғалім, дәрігер, жұмысшы маманы және өзге де сала үздіктерінен құралған 35 азамат марапатталды. Оларға «Парасат», «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалі, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет ардагері» атағы берілді. Оның ішінде қос бірдей азамат мемлекеттік награданы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қонаев қаласында өткен мерекелік шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, жиналған қауымды Республика күнімен құттықтады.

«25 қазанда Мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияның қабылдануы – халқымыздың тарихи таңдауын айқындаған, дербестігін төрткүл дүниеге жария еткен айрықша сәт. Елдігіміздің алтын діңгегі болған осы қастерлі күннің маңызын ескере отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін атап өту дәстүрін қайта жаңғыртты, Ұлттық мереке мәртебесін берді. Биыл мемлекетіміз үшін тағы бір айтулы белес – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығы. Осы бір ширек ғасырдан астам уақыт азаттығымызды бекемдеп, еңсемізді тіктеген кезең болды. Осынау ұлы көште Алматы облысының да өзіндік өрелі үлесі бар. Алдымызда халықтың тұрмысын одан әрі жақсартып, елімізді озық мемлекеттер қатарына қосу жоспары тұр. Бұл – ұлт тағдыры мен келер буын алдындағы жауапкершілік», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Марапатқа ие болғандардың бірі – білім саласында ұзақ жыл еңбек еткен ұстаз Гүлнар Асқарбаева.

«Ұлттық мереке қарсаңында «Шапағат» медалімен марапатталдым. Бұл мен үшін – үлкен жауапкершілік әрі жоғары мәртебе. Мұның артында тұтас бір ұжымның үлкен еңбегі мен ізденісі жатыр. Тынбай істеген жұмысың бағаланғанда, қанаттанып, ұлы істерді атқаруға деген талпынысың оянады. Сондықтан бұл сый-құрметті иеленгеніме өте қуаныштымын. Осы орайда, барша халықты Ұлттық мерекемен құттықтаймын. Бейбітшілігіміз бен егемендігіміз мәңгі болсын», – деді ұстаз.

Айта кетейік, Алматы облысында Республика күні аясында 200-ден астам іс-шара өтеді. Әр аудан, қалада зияткерлік ойындар және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, спорт жарыстары мен турнирлер, концерттер мен көрмелер, сенбіліктер мен қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр.  Бірқатар елді мекенде жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, тұрғындардың игілігіне бағытталған жобалар іске қосылды. Шаралар легі алдағы күндері де жалғасын табады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Алматы облысында Құтқарушылар күні қарсаңында сала мамандарына құрмет көрсетіліп, үздік қызметкерлер марапатталды. Оларға «Құтқарушы», «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Құтқару операциясына белсенді қатысқаны үшін» медалі мен Алматы облысы әкімінің «Алғыс хаты» және
Жаңалықтар

Алматы облысы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Тугба Алан Өзденфедакармен кездесті. Жүздесуде екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру барысы талқыланды, – деп
Жаңалықтар

Алматы облысының Жармұхамбет ауылына 51 шақырым су құбыры тартылды

Алматы облысының Қарасай ауданында жаңа су желісі іске қосылды. Жармұхамбет ауылына жалпы ұзындығы 51 шақырым су құбыры тартылып, екі су ұңғымасы мен әрқайсының көлемі 300 текше метр болатын екі су
Жаңалықтар

Алматы облысында еліміздің ең биік нүктесінде орналасқан туристік нысан ашылды

Алматы облысының «Ой-Қарағай» тау-курортында Қазақстанның ең биігінде орналасқан туристік нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *