Жаңалықтар

Алматы облысының Қарғалы ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды

Республика күні қарсаңында Алматы облысының Жамбыл ауданында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республика күні қарсаңында Алматы облысының Жамбыл ауданында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Қарғалы ауылында бой көтерген екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 3 мың шаршы метрден асады. Нысанда 350 орынды көрермен залы, 50 орынды кіші мәжіліс залы, кітапхана, асхана, хореография залы, үйірмелер өткізуге арналған және өзге қажетті бөлмелер қарастырылған. Жобаға 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өнерпаздар мен ауыл тұрғындары қатысты. Алматы облысының әкімі де Қарғалыға арнайы барып, халық қуанышына ортақтасты.

«Бүгін біз үшін қос қуаныш! Ұлық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қарғалы ауылында сәулеті келіскен, заман талабына сәйкес салынған мәдениет үйі есігін айқара ашып отыр. Осы айтулы оқиғамен баршаңызды құттықтаймын! Өздеріңіз білесіздер, Қарғалы – Жамбыл ауданындағы халық саны жағынан Ұзынағаштан кейінгі ең ірі ауылдық округ. Тарихы – терең, тірлігі – берекелі, еңбекқор халқымен танылған іргелі елді мекен. Осындай үлкен ауылдың заманауи руханият ошағына деген сұранысы да жоғары екені белгілі. Жаңа мәдениет үйі осы қажеттілікті өтеуге бағытталған маңызды нысан. Бұл – ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыруға, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға жасалған нақты қадам», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Жаңа нысанның ашылуына куә болған ауыл халқының қуанышында шек жоқ. Солардың бірі – жергілікті тұрғын Шәріпбек Уағызұлы.

«Бүгін ақ түйенің қарны жарылған ақжарылқап күн болды. Барша ауыл тұрғыны бір марқайып қалды. Өйткені бұл сәтті асыға күттік. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары елді мекен өркендеп, дамыды. Осында көшіп келушілер саны артып, елге ел қосылып, құтты мекенге айналды. Сондықтан жаңа нысан бізге тамаша тарту болды», — деді тұрғын.

Енді ауыл тұрғындары бос уақытын тиімді өткізіп, өнердің түр-түрін меңгеріп, шығармашылық қабілетін дамыта алады. Мұндай игі жобалар халықтың рухани тереңдеуіне, ішкі мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында 29 отбасы баспаналы болды. Пәтерлер көпбалалы аналарға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға және асыраушысынан айырылған жандарға берілді. Түзусай ауылында өткен салтанатты
Жаңалықтар

Алматы облысында еліміздің ең биік нүктесінде орналасқан туристік нысан ашылды

Алматы облысының «Ой-Қарағай» тау-курортында Қазақстанның ең биігінде орналасқан туристік нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңалықтар

Алматы облысы мен Түркия арасындағы тауар айналымы 231 млн долларға жетті

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Тугба Алан Өзденфедакармен кездесті. Жүздесуде екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттыру барысы талқыланды, – деп
Жаңалықтар

Алматы облысында Республика күні қарсаңында 35 азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мұғалім, дәрігер, жұмысшы маманы және өзге де сала үздіктерінен құралған 35 азамат марапатталды. Оларға «Парасат», «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалі, сондай-ақ «Мемлекеттік
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *