Саясат

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Алмалы» өнімдері павильоны ашылды. Онда жергілікті шаруалар өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынады. Ет, сүт өнімдері, көкөніс пен басқа да азық-түлік түрлерін нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төмен сатып алуға болады. Бұл жөнінде Алматы облысы баспасөз қызметі хабарлады.

Нысаның ашылу  рәсіміне қатысқан  облыс әкімі Шыңғыс Әрінов, иігі істің  өңір  тұрғындарын  сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

-«Алматы облысы – ауыл шаруашылығы өндірісі дамыған өңір. Облысымызда егін және мал шаруашылығы өнімдерінің мол көлемі өндіріледі. Сондықтан біз үшін өнім өндірумен қатар, оны  сақтаудың және тұтынушыға тікелей жеткізудің тиімді жүйесін қалыптастыру маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев жақында ғана жариялаған Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен сату жүйесін жетілдіру, логистикалық тізбектерді  оңтайландыру және негізсіз делдалдықты жою міндетін жүктеген болатын. Ашылып отырған жаңа павильон – Президент Жолдауында айтылған осы  басымдықтармен толық үндеседі», –  деген  Шыңғыс Сайранұлы сауда кешенінің жұмысына табыс тіледі.

Аймақ басшысының айтуынша жеке инвестиция есебінен бой көтеріп отырған нысанның ішінде барлық санитарлық және заманауи талаптарға сәйкес келетін 40-қа жуық сауда орны қарастырылған. Бұл шағын және орта бизнесті дамытумен қатар, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейін арттыруға тікелей ықпал етеді.

Павильонның тағы бір маңызды тұсы – жергілікті фермерлер өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсына алады. «Алмалы өнімдері» павильоны өңірдің саудалогистикалық әлеуетін арттыруға және азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  мол мүмкіндік береді.

Shares:

Related Posts

Саясат

Алматы облысында тұқым жинау науқаны басталды

Алматы облысында шренк шыршасы, жиде және өзге де ағаш түрлерінен тұқым алынуда. Қазірдің өзінде мамандар бір жарым тоннаға жуық дәнек жинады.Бұл шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазан
Саясат

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Жаз бойы бел жазбай еңбек еткен Алматы облысының шаруалары Астанада өткен жәрмеңкеде 215 млн теңге табыс тапты. Олар елордалықтарға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін ұсынып, тиімді бағада саудалады. Бұл туралы
Саясат

Алматы облысында суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде күшейтілуде

Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысы әкімдігі жанындағы суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысының полицейлеріне су жаңа қызметтік көліктер табысталды

Алматы облысында құқық қорғау қызметкерлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *