Жаңалықтар

Алматы облысының Жармұхамбет ауылына 51 шақырым су құбыры тартылды

Алматы облысының Қарасай ауданында жаңа су желісі іске қосылды. Жармұхамбет ауылына жалпы ұзындығы 51 шақырым су құбыры тартылып, екі су ұңғымасы мен әрқайсының көлемі 300 текше метр болатын екі су резервуары салынды. Жобаның жалпы құны – 1,432 млрд теңге – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Республика күні қарсаңында пайдалануға берілген ауыз су жүйесі – ауыл тұрғындары көптен күткен игі бастамалардың бірі. Жоба елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Халықты тіршілік нәрімен қамтамасыз ету елді мекендердің тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда зор маңызға ие.

Бүгінде Қарасай ауданындағы 47 елді мекеннің 95 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және қолданыстағы су желілерінің тозу деңгейін төмендету бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында Республика күні қарсаңында 35 азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мұғалім, дәрігер, жұмысшы маманы және өзге де сала үздіктерінен құралған 35 азамат марапатталды. Оларға «Парасат», «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалі, сондай-ақ «Мемлекеттік
Жаңалықтар

Алматы облысында биыл 10 тонна сексеуіл тұқымы жиналады

Биыл Алматы облысында 10 тонна сексеуіл тұқымын жинау жоспарланып отыр. Жиналған дәнек алдағы айларда 2 мың гектар аумаққа себіледі. Қазіргі таңда ол үшін жер жыртылып, дайындалды. Ал өзге ағаш түрлерінен
Жаңалықтар

Алматы облысында еліміздің ең биік нүктесінде орналасқан туристік нысан ашылды

Алматы облысының «Ой-Қарағай» тау-курортында Қазақстанның ең биігінде орналасқан туристік нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *