Новости

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ қолданысқа берілді

Бүгін Қонаев қаласы және Алматы облысы тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуы үшін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ (магниттік-резонанстық томография) қолданысқа берілді. Енді науқастар МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған мәртебесі болса, МРТ тегін түсе алады.

МРТ аурухана ғимаратынан бөлек орналасқан. Нысанның ашылу салтанатына облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева, қала әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысты.

«Алдымен баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бүгін қала жұртшылығы үшін қуанышты күн. Себебі, бұған дейін науқастар МРТ-ға түсу үшін Алматы қаласына барса, енді бұл қызметтің түрі қолжетімді болды. Шаһарға қарасты ауыл тұрғындары да нақты диагнозын алу мақсатында алысқа бармайтын мүмкіндік алды», – деді өз сөзінде Сәуле Қайырлықызы.

Лейла Серікбаеваның айтуынша, Алматы облысында 3 МРТ қолданысқа берілген. Өңірде 1,5 млн-нан астам халық тұрады екен.

«Облыс екіге бөлінгелі денсаулық сақтау саласына ден қойылып, «Дені сау ұлт» жобасы аясында 3 МРТ сатып алынды. Оның бірі Қонаев қаласында, екіншісі Еңбекшіқазақ ауданында, үшіншісі Қарасай ауданында орналасқан. МРТ – ауруларды ерте уақыттан анықтауға арналған заманауи талаптарға сай келетін жабдық», – деді ол.

Аталған құрылғымен жұмыс жасау үшін медицина қызметкерлері арнайы біліктілік курстарынан өткен. Кабинет халыққа тәулік бойы қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

Shares:

Related Posts

Новости

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

Дәрігер - хирург Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Сакенов Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен емдеу мекемесіне жоспарлы түрде түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция
Новости

Қатерлі ісікке шалдыққан: жамбылдық науқас ауруынан құлан таза айықты

Самсы ауылының тұрғыны өкпесінде қатерлі ісік барын тіркелген ауруханасындағы дәрігер-терапевтінен білген. 3 баласы бар науқастың айтуынша, ауру белгілері былтыр желтоқсан айында пайда болыпты. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйел қызмет
Новости

Назначен новый прокурор Талгарского района

Ерлан Тагаев назначен новым прокурором Талгарского района Алматинской области, сообщает Zakon.kz. Об этом 30 октября 2024 года стало известно из Instagram надзорного органа района. "Сегодня в акимате Талгарского района первый
Новости

Алматы облысында “Есірткіге жол жоқ” айлығы бастау алды

Айлық ішінде барлық құзіретті органдар бірлесе облыс бойынша есірткіні қолдануға шақыратын жазбаларды өшіру, жарнамаларын жою, өскелең жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жұмыстарын жүргізетін болады. Алғашқысы бүгін Қонаев қаласында өткізілді.