Жаңалықтар

Алматы облысында биыл 10 тонна сексеуіл тұқымы жиналады

Биыл Алматы облысында 10 тонна сексеуіл тұқымын жинау жоспарланып отыр. Жиналған дәнек алдағы айларда 2 мың гектар аумаққа себіледі. Қазіргі таңда ол үшін жер жыртылып, дайындалды. Ал өзге ағаш түрлерінен 1,6 тонна тұқым алу көзделуде. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында іске асырылуда, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Алматы облысында 10 тонна сексеуіл тұқымын жинау жоспарланып отыр. Жиналған дәнек алдағы айларда 2 мың гектар аумаққа себіледі. Қазіргі таңда ол үшін жер жыртылып, дайындалды. Ал өзге ағаш түрлерінен 1,6 тонна тұқым алу көзделуде. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында іске асырылуда, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының Балқаш ауданы – сексеуіл өсімдігіне бай аймақтардың бірі. Бүгінде оның тұқымын жинау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Оған колледж студенттері, мектеп оқушылары, еріктілер, орман шаруашылығы қызметкерлері атсалысып, облыстың жасыл қорын молайтуға үлес қосуда. Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы да қатысып, табиғатқа қамқорлық қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, орман қорын сақтап, оны молайтумен де үндесіп жатқанын айтты.  Оның сөзінше, Мемлекет басшысының  екі миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2021-2027 жылдары өңірде 52,6 млн ағаш отырғызу көзделген. Өткен бес жылда 43 млн-нан астам ағаш отырғызылып, кешенді жоспардың 83 пайызы іске асырылды. Биыл 2 077 гектар жерге 4,6 млн ағаш өсіру көзделіп отыр. Қазіргі таңда көктемгі жоспар 109 пайызға орындалды.

Мамандардың айтуынша, сексеуіл шөл және шөлейтті аймақтардың табиғи тепе-теңдігін сақтауда ерекше рөл атқарады. Құмның көшуін тежеп, топырақтың жел эрозиясына ұшырауын азайтып, қоршаған ортаға қолайлы жағдай қалыптастырады. Сонымен қатар шөлді аймақтардың биоалуантүрлілігін сақтауға және экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында Республика күні қарсаңында 35 азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мұғалім, дәрігер, жұмысшы маманы және өзге де сала үздіктерінен құралған 35 азамат марапатталды. Оларға «Парасат», «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалі, сондай-ақ «Мемлекеттік
Жаңалықтар

Алматы облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында 29 отбасы баспаналы болды. Пәтерлер көпбалалы аналарға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға және асыраушысынан айырылған жандарға берілді. Түзусай ауылында өткен салтанатты
Жаңалықтар

Алматы облысының Жармұхамбет ауылына 51 шақырым су құбыры тартылды

Алматы облысының Қарасай ауданында жаңа су желісі іске қосылды. Жармұхамбет ауылына жалпы ұзындығы 51 шақырым су құбыры тартылып, екі су ұңғымасы мен әрқайсының көлемі 300 текше метр болатын екі су
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *