Саясат

Қонаев қаласында орталық жылу желісі жаңартылуда

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 2,3 шақырым магистральді жылу желісі жаңғыртылуда. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тозығы жеткен құбырлар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыстырылып жатыр. Қаржы Үкімет резервінен бөлінді. Құрылыс алаңында 40-қа жуық жұмысшы мен 15 техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда жөндеу жұмысының тең жартысы аяқталды. Жылыту маусымына дейін құбырлар толық төселеді.

«Қонаев қаласында 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде екі жоба іске асырылуда. Ұзындығы 2,3 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмысы Қонаев, Сейфуллин, Абай көшелеріне жүріп жатыр. Оның ішіндегі Қонаев пен Сейфуллин көшесінің қиылысында 500 метр жерге, ал Сейфуллин-Абай көшесіндегі 1,3 шақырым аумаққа диаметрі 630 мм құбыр қойылады. Ал Абай көшесіндегі 500 метр жерге диаметрі 426 мм болатын құбыр орнатылады. Қазіргі таңда жұмыстың 53 пайызы аяқталды», – деді «Қонаев жылу орталығы» МКК директоры Ержан Шоқан.

Шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу осы желілер арқылы таратылады. Сондықтан бұл жұмыстардың халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы зор. Алдағы уақытта да қаладағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмысы кезең-кезеңімен жалғасын табады.

Shares:

Related Posts

Саясат

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа кәсіпорыны ашылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысындағы егіс алқабынан 1,5 миллион тоннадан астам өнім жиналды

Алматы облысында күзгі жиын-терім науқаны қарқынды жүріп жатыр. Биыл өңірде 440 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бүгінде шаруалар оның 334 мың гектарын орып, өнімін жинап үлгерді. Қажырлы еңбектің
Саясат

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның қазіргі қызметі және стратегиялық міндеттердің жүзеге асырылуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *