Саясат

Алматы облысындағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Өңірде жалпы қуаты 452 Гкал болатын 18 орталықтандырылған және 84 блокты-модульді қазандық жылу таратуға толығымен дайын. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты таулы аймақтарда жылу беру басталды. Өзге аудандарда 15 қазанға дейін кезең-кезеңімен қосылады. Ол үшін өңірде жалпы қуаты 452 Гкал болатын 18 орталықтандырылған және 84 блокты-модульді қазандық жылу таратуға толығымен дайын. Өзге аудандарда 15 қазанға дейін кезең-кезеңімен қосылады. Ол үшін өңірде жалпы қуаты 452 Гкал болатын 18 орталықтандырылған және 84 блокты-модульді қазандық жылу таратуға толығымен дайын, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жүргізуге және оны өткізуге 13,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 8,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы сұйық және қатты отын сатып алуға, жылумен және электрмен жабдықтау нысандарын жөндеуге бағытталды. Сондай-ақ энергия беруші кәсіпорындар есебінен 2,8 млрд теңге, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жылу желілерін реконструкциялауға 2,0 млрд теңге, Алатау қаласының Жетіген шағын ауданындағы қазандықты жөндеуге Үкімет резервінен 661 млн теңге бөлінді.

Қазіргі таңда Алатау қаласындағы «ДОС» қазандығын реконструкциялау аяқталды және 10 қазанға дейін іске қосылады. Одан бөлек Қарасай ауданының «Алтын ауыл» және «Қарлығаш» шағын аудандарындағы 2 блокты-модульді қазандық жөнделді.

Өңірдегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 188 шақырым. Бүгінде оның 6,7 шақырымы жаңартылып жатыр. Бұл жылу желілерінің тозуын 40%-дан 38,5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қонаев қаласында ұлттық жобасы шеңберінде жалпы ұзындығы 2,3 шақырым, құны 2 млрд теңге болатын жылу желісін реконструкциялау бойынша екі жоба тәмамдалды.

Облыстағы 152 қосалқы станса мен 1 552,9 шақырым электр желісін жөндеу аяқталуға жақын. Ал «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ биыл 1 179,3 км электр желісін жөндеуді көздеп, жоспарды толығымен орындады.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде электрмен жабдықтау бойынша жалпы құны 58,9 млрд теңге болатын алты жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 66%-дан 62%-ға дейін төмендейді.

Өңірдегі әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін қажет 12,6 мың тонна сұйық отын және 4,5 мың тонна қатты отын мекемелерге жеткізілді.

Бүгінде облыста 2 156 көппәтерлі тұрғын үйдің 1 469-ы (71%) орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Өңір халқының көмірге қажеттілігі – 666 мың тонна. Елді мекендерге кезең-кезеңімен газ тартудың нәтижесінде көмірді тұтыну жыл сайын орта есеппен 6-7%-ға төмендеуде.

Shares:

Related Posts

Саясат

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Жаз бойы бел жазбай еңбек еткен Алматы облысының шаруалары Астанада өткен жәрмеңкеде 215 млн теңге табыс тапты. Олар елордалықтарға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін ұсынып, тиімді бағада саудалады. Бұл туралы
Саясат

Алматы облысында былтырдан бері 2536 отбасы баспаналы болды

Алматы облысында 2025 жылдан бері 3181 пәтер сатып алынып, осы уақытқа дейін оның 2536-сы әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға үлестірілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Биыл Алматы облысында 510 шақырым жол жөнделеді

Алматы облысында автомобиль жолдарын жөндеу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің 2026 жылғы нәтижелері және алдағы жылдарға арналған жоспары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *