Без рубрики

Қонаевта жыл басынан мыңнан аса бала дүниеге келген

Қонаев қаласында демографиялық өсім жоғарылап келеді. Жыл басынан өңір орталығында 9 егіз туыпты.  Бақанастық Гауһар Нүсіпбай төртінші баласын құшағына алған ананың бірі. Төрт баланың үшеуі кесір тілігімен алынған екен. 28 жастағы көпбалалы ананың Қонаев қаласындағы перзентхана ұжымына айтар алғысы шексіз.

«Қанша мәрте баланы өмірге әкелсеңде, перзентханаға келген сайын бойыңды қорқыныш пен үрей қатар билейтіні бар. Ал, ақ халаттылардан жылы сөз есту, қолдау көру жаныңа медеу сыйлайды»,  — дейді науқас.

Бұл перзентханада 30-дан аса маман қызмет етеді. Оның төртеуі гинеколог, алтауы акушер, 3 неонотолог дәрігер мен  16 медбике бар. Жүкті келіншектермен жұмыс жүргізу оңай емес. Әр анамен жеке тіл табысу, сәбиді дүниеге әкелгенге дейінгі, кейінгі кеңес пен қолдау көрсету тағы бар. 17 жылдан бері осы салада талмай еңбек етіп келе жатқан білікті маманның қатарында Раушан Әбдуғалиева да бар.

«Келіншектер түрлі диагнозбен келеді. Қан қысымы жоғары болып, кейде жан сақтау бөліміне жатқызамыз. Кесір тілігімен баланы алатын кездер де кездеседі. Барлығы аман-есен үйлеріне шығарылды. Ауыр оталар жасалып, аналарға қажетті ем-домды көрсетеміз», — дейді қалалық көпсалалы ауруханасының перзентхана бөлімінің меңгерушісі, акушер-гинеколог дәрігер.

Демография мемлекет дамуының кепілі. Ал бала қазақ үшін ұрпағының жалғасы. Елімізде көп балалы болуыды қалайтын отбасылар көбеюде. Сондықтан халық санының 20 миллионға жетер күнде алыс емес. Айта кетерлігі, қалалық емханада аналарға медициналық көмек МӘМС аясында тегін көрсетіледі.

 

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру едәуір өсті. Жыл басынан Алматы облысы бойынша сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар
Без рубрики

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.
Без рубрики

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған.
Без рубрики

Алматы облысында бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі табысталды

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, Алматы облысындағы бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Жалпы 20-дан астам адам партиялық төсбелгілер мен арнайы грамотаға ие болды.