Саясат

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның қазіргі қызметі және стратегиялық міндеттердің жүзеге асырылуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру іс-шаралары жөнінде мәлімет берілді. Бүгінде компания жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ауданы 124 шаршы шақырым болатын перспективті Қызылту учаскесін барлауды жоспарлап отыр.

«Қазатомөнеркәсіп» атом саласындағы жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты дамытып, өткізу нарықтарын әртараптандыру арқылы халықаралық деңгейдегі позициясын нығайтып келеді. Биыл Үндістан мен Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен табиғи уран жеткізу жөнінде жаңа келісімшарттар жасалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіптің» ядролық отын циклі саласындағы қызметі және 2025-2034 жылдарға арналған даму стратегиясына сай алдағы жұмыс жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар Мейіржан Юсупов «Қазатомөнеркәсіптің» ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту туралы айтты. Компания уран өндірісінің тиімділігін арттыру және сирек әрі сирек кездесетін ілеспе металдарды алу технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Бұдан бөлек, компания биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салудың ауқымды бағдарламасы аясында денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы жобаларға 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Shares:

Related Posts

Саясат

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа кәсіпорыны ашылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысында былтырдан бері 2536 отбасы баспаналы болды

Алматы облысында 2025 жылдан бері 3181 пәтер сатып алынып, осы уақытқа дейін оның 2536-сы әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға үлестірілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысындағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Өңірде жалпы қуаты 452 Гкал болатын 18 орталықтандырылған және 84 блокты-модульді қазандық жылу таратуға толығымен дайын. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Облыс әкімі аппараты Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Онлайн қабылдау Алматы облысының Ұйғыр ауданында биыл 36,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы бойынша 36,4 млрд теңгенің өнімі алынып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,6 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *