Саясат

Алматы облысының полицейлеріне су жаңа қызметтік көліктер табысталды

Алматы облысында құқық қорғау қызметкерлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін облыс әкімі Шыңғыс Әрінов Полиция департаменті мен мемлекеттік органдарға 50 қызметтік автокөліктің кілтін табыстады.

-«Қашан да мемлекет тарапынан құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көңіл айрықша бөлініп келеді. Осы бағытта Полиция департаментіне және мемлекеттік мекемелерге елімізде шығарылған  50 жаңа қызметтік автокөлік табысталуда. Жаңа көліктеріңіз құтты болсын!  Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына  Жолдауында заң мен тәртіп мәселесін мемлекеттің басты қағидаты ретінде атап өткен  болатын.  Осы жауапты миссияны жүзеге асыруда  Сіздердің еңбектеріңіз орасан.  Өңірімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, облыстың қоғамдық орындарына 11 400 бейнебақылау камералары орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және жедел  әрекет ету мүмкіндік береді. Сонымен қатар, полиция қызметінің тиімділігін  арттыру мақсатында алдағы жылы да қолдау жалғасады. Атап айтқанда, жергілікті бюджет есебінен учаскелік және патрульдік полиция қызметіне қосымша 150 штаттық бірлік бөлу көзделген.  Осы ретте мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаумен қатар, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану да маңызды. Бюджет қаражаты  шектеулі екенін ескере отырып, сеніп тапсырылған мүлікке ұқыптылықпен қарап, жаңа көліктерді тиімді пайдалану қажет. Бұл – әрбір қызметкердің жауапкершілігі. Барлығымыздың мақсатымыз – қауіпсіз орта құрып, қылмыс деңгейін төмендету және тұрғындардың тұрмыс-сапасын арттыру», – деді  Шыңғыс Сайранұлы.

Су жаңа қызметтік көліктер Қонаев, Алатау қаласы мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарының полиция бөлімдеріне берілді.

Shares:

Related Posts

Саясат

Алматы облысында таулы аймақтағы туристік нысандарға баратын жолдар жөнделуде

Алматы облысының Райымбек ауданында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдгінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Алмалы» өнімдері павильоны ашылды. Онда жергілікті шаруалар өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынады. Ет, сүт өнімдері, көкөніс пен басқа да азық-түлік түрлерін нарықтағы бағадан 10–15 пайызға
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *