Саясат

Алматы облысының өнімдері жаңа сауда орнында 20-30% төмен бағада сатылады

Алматы қаласында Райымбек ауданының ауылшаруашылық өнімдерін сатуға арналған сауда орны ашылды. Бұл туралы Алматы облысы әкІмдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнда тұтынушылар таза әрі табиғи өнімді ешқандай делдалсыз тиімді бағада сатып алады. Яғни аудан шаруалары мен қала тұрғындары арасындағы тікелей байланыс орнады. Бұл ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл шаруашылығы саласын ілгерілетуге оң ықпалын тигізбек. Сауда орны Рысқұлов пен Шемякин көшелерінің қиылысында орналасқан.

Кәсіпкерлер үшін өз еңбегінің нәтижесін тиімді бағада өткізу және оны тікелей тұтынушыға жеткізу мәселесі маңызды. Осыған байланысты облыс әкімдігінің қолдауымен және Райымбек ауданы мен Алматы қаласы әкімдігі арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде шаруалар мен малшылар осындай таптырмас мүмкіндікке қол жеткізіп отыр. Олар алғашқы күннің өзінде 3,5 тонна ет, 1 тоннадан астам сүт өнімін, одан бөлек табиғи бал, ысталған балық, жұмыртқа мен көкөністер және басқа да тауарларын таныстырып, халыққа ұсынды.

Сауда орнының ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, жәрмеңкені аралап көрді.

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау мен сату оңай жұмыс емес. Оған қажырлы еңбек пен төзімділік қажет. Көп жағдайда бұл саламен айналысатын азаматтардың базарға шығып, тауарын ұсынуға мүмкіндігі бола бермейді. Соның кесірінен кейде делдалдарға жем болып жатады. Бұл сауда орны оларға үлкен қолдау болғалы тұр. Ең бастысы өнім сапасына ерекше көңіл бөлу керек», – деді аймақ басшысы.

Жәрмеңкеге қатысқан жандардың бірі Қақпақ ауылының тұрғыны – Ұлжан Ауғанбайқызы. Ол сүттен дайындаған 7 түрлі өнімін алып келіпті.

«Бұған дейін өзіміз дайындаған құрт-май, айран-қымызымыз бен ірімшігімізді ауылға келген қонақтарға ғана сата алатынбыз. Енді өнімдеріміздің барлығын арнайы базарға әкеліп, өткізуге мүмкіндік туды. Бұл өте құптарлық іс әрі біздің жұмысымызды одан әрі дамытуға септігін тигізеді», – дейді ол.

Қазіргі таңда шатырлардан құралған жәрмеңке жұмысы жанданып тұр. Алдағы уақытта жабық сауда павильонының құрылысы басталмақ. Яғни қыс мезгілінде де базардың қайнаған тіршілігі тоқтамайды. Сатылатын өнімдердің сапасы мен бағасын бақылайтын арнайы мамандар да бар. Мұндағы баға орташа көрсеткіштен 20-30 пайызға төмен.

Бүгінде Райымбек ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Аймақта 3400 кәсіпкер тіркелген. Оның 1200-і өсімдік шаруашылығымен, 1100-ге жуығы ет өндірумен айналысады, ал қалғаны ауыл шаруашылығының түрлі бағыты бойынша жұмыс істейді. Жылына 16 мың тонна ет, 18 мың тонна сүт, 500 мың данаға жуық жұмыртқа мен 55 мың тонна картоп өндіріледі. Жаңадан ашылған сауда орнының арқасында бұл көрсеткіштің бірнеше есе өсетіні сөзсіз.

Shares:

Related Posts

Саясат

Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

Туризм саласы Алматы облысының бюджетіне қомақты кіріс әкеліп отыр. Биылғы сегіз айда саяхатшылардың есебінен қазынаға 3,9 млрд теңге түсті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысында көзге лазерлік операциялар мемлекеттік ауруханада жасала бастады

Алматы облысының тұрғындары енді көз ауруларының бірқатар түрін мемлекеттік ауруханада лазермен емдете алады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Биыл Алматы облысында 510 шақырым жол жөнделеді

Алматы облысында автомобиль жолдарын жөндеу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» автожолы жаңарып, жаңа жанар-жағармай бекеті ашылды

Республика күніне орай Алматы жол инфрақұрылымын дамыту және жол бойындағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған қос бірдей жоба халық игілігіне берілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *