Саясат

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Жаз бойы бел жазбай еңбек еткен Алматы облысының шаруалары Астанада өткен жәрмеңкеде 215 млн теңге табыс тапты. Олар елордалықтарға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін ұсынып, тиімді бағада саудалады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңкенің бірінші күні-ақ тауардың жартысынан көбі сатылып үлгерді. Екінші күні де жәрмеңке алаңына ағылған халық қарасы үзілген жоқ. Әсіресе апорт алмасын іздеп келген жандар көп болды. Мұны Еңбекшіқазақ ауданынан келген шаруа Фатима Лазгиева айтып берді. Шаруа қожалық жәрмеңкеге алманың сегіз түрлі сорты мен одан дайындалған кептірілген өнімдерді әкелген. Барлығы ешқандай қоспа, бояғышсыз дайындалған.

«Астанада дәстүрлі түрде өтетін бұл шараға 2013 жылдан бері қатысып келеміз. Биыл 3 тонна өнім алып келдік. Бірінші күні-ақ оның 2 тоннасы сатылды. Халық біздің өңірден келген алманы көргенде, таласып-тармасып бірден алып кетеді. Әсіресе қызыл апортты арнайы іздеп келетіндер көп. Өнімдерімізді тасымалдауға көмектескен облыс әкімдігіне алғысым шексіз. Бағбандық — біздің отбасылық кәсібіміз, өмір сүру салтымыз десем де болады. Кемертоған ауылында 3 гектар бағымыз бар. Жыл сайын 50 тоннаға жуық өнім аламыз. Қажырлы еңбегіміздің ақталып, алмамыздың елорда халқына ұнағанына қуаныштымыз», – деді бағбан.

Бал шаруашылығымен айналысатын Гүлнара Қашқынбаева жәрмеңкеге бірінші рет қатысып тұрғанын және оның пайдасы мол болғанын жеткізді.

«Бұл саламен айналысып келе жатқанымызға 15 жылдан асты. Шаруашылығымызда 150 ара ұясы бар. Әрқайсында шамамен 80 мыңға жуық ара болады. Жылда мамыр айында басталатын қызу тірлік қыркүйекке дейін жалғасады. Бес ай бойы тау-тастың арасын кезіп, араларға азық береміз. Кейде омарталарды тиеп алып, 300 шақырымға дейін жол жүретін кезіміз болады. Бұл – машақаты мол жұмыс. Дегенмен ерінбей, еңбек етсең, міндетті түрде жемісін көресің. Мәселен, биыл 9,5 тонна өнім алдық. Араны баптап, бал жинаудан бөлек, оны тұтынушыларға өткізу – мүлде басқа міндет. Кейде осы жағынан қиындық туындап жатады. Биыл жәрмеңкеге алғаш рет қатысып, мұның қарапайым шаруа қожалықтарға берілген зор мүмкіндік екеніне көз жеткіздік. Сәті түссе, алдағы жылдары да мұндай игі шараларға қатысуға ниеттіміз», – деді ол.

Осылайша, тауар өндіруші мен тұтынушының арасында тікелей байланыс орнап, кәсіпкерлер өнімін өткізіп, халық экологиялық таза тағамға арзан бағада қол жеткізді. Алматы облысының әкімдігі жыл сайын шаруаларға жан-жақты жәрдемдесіп келеді. Себебі өңір халқының 80 пайызы ауылда тұрады. Сәйкесінше, ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын кәсіпкерлер де, күнделікті ас-суын егіншілік пен малшылықтан қамдап отыр деуге негіз бар. Бұл шаралардың бәрі – еңбек адамдарына көрсетілген үлкен қолдау әрі аталған саланы дамытуға қосылған елеулі үлес.

Shares:

Related Posts

Саясат

Облыс әкімі аппараты Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Онлайн қабылдау Алматы облысының Ұйғыр ауданында биыл 36,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы бойынша 36,4 млрд теңгенің өнімі алынып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,6 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Саясат

Алматы облысындағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Өңірде жалпы қуаты 452 Гкал болатын 18 орталықтандырылған және 84 блокты-модульді қазандық жылу таратуға толығымен дайын. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов компанияның қазіргі қызметі және стратегиялық міндеттердің жүзеге асырылуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Саясат

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» автожолы жаңарып, жаңа жанар-жағармай бекеті ашылды

Республика күніне орай Алматы жол инфрақұрылымын дамыту және жол бойындағы қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған қос бірдей жоба халық игілігіне берілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *