Саясат

Алматы облысындағы өзен-көлдерге 600 мың шабақ жіберілді

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында су айдынын балыққа толтыру акциясы өтті. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында су айдынын балыққа толтыру акциясы өтті. Бүгін Іле өзеніне 150 мыңнан астам шабақ жіберілді. Осылайша жыл басынан бері Іле өзені, Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасына жіберілген шабақ саны 600 мыңнан асты. Қазан айының соңына дейін оның көлемін 4 млн-ға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бүгінгі акция барысында сенбілік ұйымдастырылып, Іле өзенінің аумағы қоқыстан тазартылды.

Шараға сала мамандары, мемлекеттік орган өкілдері, жастар мен еріктілер атсалысты. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы да акцияға қатысып, оның экожүйені сақтаудағы маңызына тоқталды.

 «Таза Қазақстан» – бұл тек тазалық шарасы емес, табиғи байлығымызды сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған жалпыұлттық бастама. Оның маңызды бағыттарының бірі – су экожүйесін сақтау және балық санын молайту. Осы міндеттерді іске асыру шеңберінде Алматы облысының әкімі Шыңғыс Сайранұлының тапсырмасына сәйкес өңірдегі су айдындарына балық жіберу жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі өзенді балыққа толтыру экологиялық акциясы – аталған тапсырманы іске асыру аясындағы кезекті іс-шара, – деді Бақытнұр Бақытұлы.

Игі бастамаға «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары белсене үлес қосты.

– Бүгін «Жасыл ел» жасақшылары өзенге шабақ жіберу шарасына алғаш рет қатысып, мұның қоршаған орта үшін қаншалықты маңызды екенін сезінді.  Сонымен қатар өзен аумағында өткізілген сенбілікте жұмыла жұмыс істеді. Өңірде қыркүйек-қазан айларындағы мұндай акцияларға 1000-ға жуық жас жұмылдырылды. Олар облыстағы түрлі бағыттағы бастамаларға белсене атсалысады. Мәселен, «Киелі мекен» акциясы аясында ескерткіштер мен тарихи орындарды ретке келтірсе, «Таза өзен», «Таза көл» жобасында жағалауларды тазартады, – деді шараға қатысқан Диляра Қабдолина.

Мамандардың айтуынша, суға жіберілген балықтардың 80 пайызы өсіп-жетіледі. Жыл сайын өткізілетін мұндай шаралар балық қорын молайтуға елеулі үлес қосып келеді. Мұны Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының зерттеу қорытындысы да дәлелдеп отыр.

Осылайша, Іле өзені аумағында ұйымдастырылған акция табиғат байлығын қорғауға бағытталған қос бірдей игі шараны ұштастырды.  «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сай жалғасын табады.

Shares:

Related Posts

Саясат

Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

Туризм саласы Алматы облысының бюджетіне қомақты кіріс әкеліп отыр. Биылғы сегіз айда саяхатшылардың есебінен қазынаға 3,9 млрд теңге түсті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысында таулы аймақтағы туристік нысандарға баратын жолдар жөнделуде

Алматы облысының Райымбек ауданында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдгінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысындағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Өңірде жалпы қуаты 452 Гкал болатын 18 орталықтандырылған және 84 блокты-модульді қазандық жылу таратуға толығымен дайын. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысында көзге лазерлік операциялар мемлекеттік ауруханада жасала бастады

Алматы облысының тұрғындары енді көз ауруларының бірқатар түрін мемлекеттік ауруханада лазермен емдете алады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *