Саясат

Алматы облысының Нарынқол ауылында заманауи емхана мен ветеринариялық зертхана ашылды

Республика күніне орай Алматы облысының Райымбек ауданында қос бірдей жаңа нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдымен Нарынқол ауылында бір ауысымда 250 адамға көмек көрсете алатын емхана халық игілігіне берілді. Сондай-ақ жылына 680 мыңға дейін талдау жүргізілетін ветеринариялық зертхана жұмысын бастады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Медициналық нысанның жалпы аумағы – 6 650 шаршы метр. Жобаның жалпы құны – 4,1 млрд теңге. Емхана заманауи құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілген. Бұл шалғай аудан халқына жедел көмек көрсетіп, медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аурудың алдын алу үшін диагностикалық зерттеу жүргізіліп, бір күнде күндізгі стационарда 20 адам ем қабылдайды. Тұрғындар рентгенологиялық зерттеу, флюорография, маммография, компьютерлік томография, ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиография және жүрек-қантамыр жүйесін функционалдық зерттеу қызметіне жүгіне алады. Сондай-ақ халыққа жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинекологтер, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог, эндокринолог және басқа да бейінді мамандар қызмет көрсетеді. Созылмалы ауруы бар пациенттерді бақылау, жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығын қадағалау, профилактикалық тексерулер, скринингтік зерттеулер және вакцина салу жағдайы да қарастырылған.

Салтанатты рәсімге дәрігерлер, ардагерлер мен аналар кеңесінің мүшелері, аудан, облыс басшылығы мен жергілікті тұрғындар қатысты. Алматы облысының әкімі де қуанышқа ортақтасып, медициналық нысанның ашылуымен құттықтады.

«Ұлт саулығын жақсарту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Бұл орайда, әсіресе, шалғай мекендерді заманауи медицинамен қамтамасыз етудің маңызы зор. Нәтижесінде ауруды ерте бастан анықтап, тиісті көмекті уақытында көрсетуге мүмкіндік бар. Осылайша, ауыл мен қала арасындағы медициналық көмек сапасының алшақтығы азайып, тұрғындардың өмір сүру жағдайы жақсара түспек», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Ал аудан тұрғындары емхананың көңілдерінен шыққанын айтты.

«Осы ауылда туып-өсіп, талай жыл қызмет етіп, зейнетке шықтық. Қазіргі кезде ауданымыз көз алдымызда қайта түлеп, дамып келеді. Сондықтан мұндай емхана бізге өте қажет. Бұрын техникалық құрал-жабдықтың жетіспеушілігінен емделуге көбіне қалаға баруға тура келетін. Енді алысқа сабылмай-ақ, ем-шараны өз ауылымызда қабылдай аламыз. Көптен күткен нысанның есігін айқара ашқанына қуаныштымыз», – деді ауыл ақсақалы Бекболат Бірбаев.

Нарынқолда ашылған тағы бір маңызды нысан – ветеринариялық зертхана. Мұнда жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларын уақытылы анықтауға, жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігіне нақты көз жеткізуге болады.

Зертхананың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі нысан өңіріміздің ветеринариялық қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

«Ауыл шаруашылығы дамыған өңіріміз үшін ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мал ауруларының алдын алу және азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау айрықша маңызға ие. Барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген мекеме осы бағыттағы жұмыстарды заманауи талаптарға сәйкес жүргізуге әлеуетті. Төрт түліктің саулығы ауыл шаруашылығының дамуына ғана емес, халықтың денсаулығына да тікелей әсер етеді. Осы нысанның  құрылысына атсалысып, іске қосылуына үлес қосқан барша азаматтарға алғыс айтамын», – деді аймақ басшысы.

Зертханада жүргізілген зерттеулер ветеринария мамандары мен уәкілетті органдарға тиісті шешімдер қабылдауға, індетке қарсы іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының экономикалық тұрақтылығын сақтауға және халықаралық сауда байланысын нығайтуға зор ықпал етеді.

Shares:

Related Posts

Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің 2026 жылғы нәтижелері және алдағы жылдарға арналған жоспары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
Саясат

Алматы облысында суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде күшейтілуде

Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысы әкімдігі жанындағы суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер Алматы облысы аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде

Алматы облысында Қазақстан, Ресей және Беларусьтің жетекші медициналық ұйымдарының клиникалық базаларында білім алып, біліктілігін арттырған мамандардан құралған мобильді медициналық топтардың жұмысы жалғасуда. Дәрігерлер аудан тұрғындарына мамандандырылған консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіп, жергілікті
Саясат

Алматы облысында жылына 1 млрд литр сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды

Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа кәсіпорыны ашылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *