Новости

Қонаевтық дәрігерлер өкпесі қабынған ауыр хәлдегі науқасты аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына 63 жастағы науқас ауыр хәлде түскен. Сөзінше, науқас үй жағдайында емделіп, ауруын асқындырып алған. Емханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер қажетті медициналық талдау жүргізіп, ренгтенге түсірген. Кейіннен жүргізілген сараптама науқаста пневмония екенін анықтаған.

«Пневмония – көбінесе инфекция себебінен, әсіресе бактериялардан болатын өкпенің қабынуы. Уақтылы ауруханаға жатқызылмаған және емделмеген жағдайда ауру өліммен аяқталуы да мүмкін. Бізге науқас ауыр жағдайда әкелінді. Барлық қажетті медициналық көмекті тағайындадық. МӘМС есебінен ем-домын, дәрі-дәрмегін алып жатыр», — дейді пульмонолог дәрігер Айгерім Саменбаева.

«Мені өлім аузынан аман шығарып, аяқтан тік тұрғызды. Бұрын соңды МӘМС-ке жарна төлеп тұрдым. Соның нәтижесінде 2 жыл бұрын гинекология жағынан тегін ота жасаттым. Кейін жағдайыма қарай төлей алмадым. Ал, қазір ауруханаға шұғыл жағдайда келіп түстім. Зейнет жасына жеткен соң қор жарнаны мен үшін өзі төлеп отыр. Сондықтан барлық медициналық қызметті тегін алып отырмын», — дейді Ирина Зак.

Айта кетерлігі, елімізде шұғыл жағдайда науқасқа қызмет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетіледі. Оған жедел медициналық жәрдем, амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем, стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жатады.

Related Posts

Новости

МӘМС — денсаулық сақтау саласындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі

Дүние жүзінің көптеген елінде мемлекет барлық азаматтар мен тұрғындарды ауру немесе жарақат алған жағдайда медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін міндетті медициналық сақтандырумен келісім жасауға міндеттейді. МӘМС төлеушілердің арнайы
Новости

Қатерлі ісікке шалдыққан: жамбылдық науқас ауруынан құлан таза айықты

Самсы ауылының тұрғыны өкпесінде қатерлі ісік барын тіркелген ауруханасындағы дәрігер-терапевтінен білген. 3 баласы бар науқастың айтуынша, ауру белгілері былтыр желтоқсан айында пайда болыпты. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйел қызмет
Новости

Биыл МӘМС үшін қанша төлейді?

МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, бірақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында үстіміздегі
Новости

Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті

Шара аясында Жамбыл ауданының ірі сауда орталықтарында тұрғындарға тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Игі бастама Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы мен Жамбыл аудандық ауруханасымен бірлесе өткізілді. Аясында қор өкілдері