Новости

«Аңсаған сәби»: Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді

Денсаулық  сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі 532  отбасыға «Аңсаған сәби» бағдарламасы игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19 000-нан аса әйелге ЭКО жасалыпты.  Олардың 7000-нан астамы жүкті болған. Айта кетейік, эко орталықтарына қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы төленеді.

Былтыр Алматы облысында 523 отбасы тегін экоға қол жеткізді. Биыл олардың саны артып отыр. Жалпы, экстракорпоральды ұрықтандыру еліміздегі 19 клиникада жүргізіледі. Оның 7-уі Алматы қаласында. Алматы облысында әзірге ондай орталықтар жоқ.  Алматы облысындағы отбасылар осы клиникалар көмегімен балалы болуға тырысып жатыр. Квота алғысы келетін пациенттің мәртебесі сақтандырылған болуы тиіс. Алдымен сәби сүйгісі келетін жұп репродуктологтың кеңесіне бару керек. Оған жолдаманы өз емханасындағы гинеколог береді. Қажетті тексерілулерден соң, пациенттің ЭКҰ жасауға көрсеткіштері сай келсе, құжаттарды жинап, дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда, жұп кезекке тұрады. Былтыр облыс орталығында 30-ға жуық әйел мемлекет игілігін көрді, яғни тегін эко жасалды.

Жылына МӘМС аясында 1 рет тегін экоға ие болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда келесі жылға кезекке тұра алады. Оның үстіне жасанды ұрықтандыру қызметіне (ЭКҰ) бірнеше рет жүгінетін отбасылар болады. Кез келген отбасына бұл мүмкіндік беріле бермейді. Мысалы, қан қысымының ІІ, ІІІ дәрежелі аурулары, қант диабетінің ІІІ дәрежелі ауруы, психологиялық дерті бар аналық жасушасының ақаулары бар, қатерлі ісікке шалдыққан, инсульт алған әйелдерге болмайды. Өйткені, келіншектің өміріне қауіпті болып саналады.

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғынында бұдан бөлек шап жарығы анықталған. Өзі тіркелген ауруханада қажетті зерттеуден өтіп, жоспарлы отаға жіберіліпті. Дәрігер-уролог Айдар Жанбатырұлы отаның 1 сағатқа созылып, сәтті аяқталғанын айтады. «Көбінесе, гидроцеле туғаннан
Новости

Қазақ ән өнерінің қара нары Нұрғали Нүсіпжанұлы Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов туған күні қарсаңында Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды. Ән өнерінің дарабозына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы
Новости

Қор міндеттерінің бірі — пациенттермен кері байланысты бақылау

Бүгін «Аlatau24.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық  филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев. Спикер халықты толғандырған жүйе аясындағы өзекті сауалдарға жауап беріп, мәселенің күрмеуін тарқатпақ.   -Тілеухан Шілдебайұлы,
Новости

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ қолданысқа берілді

Бүгін Қонаев қаласы және Алматы облысы тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуы үшін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ (магниттік-резонанстық томография) қолданысқа берілді. Енді науқастар МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған мәртебесі болса, МРТ