Саясат

658 млн теңге, 200 орын: Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек жолы ауылында 200 көрерменге арналған жаңа Мәдениет үйі ашылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады,

Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек жолы ауылында 200 көрерменге арналған жаңа Мәдениет үйі ашылды. Заманауи нысан ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастырып, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Мәдениет үйінде көрермендер залы, сахна және шығармашылық үйірмелерге арналған кабинеттер бар. Мұнда концерттер, театрландырылған қойылымдар, мерекелік және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар домбыра, жыр-терме, ән, би, қолөнер үйірмелері, ақындар мен «Шежіре» тәлім орталығы, ата-әжелер ансамблі жұмысын бастайды.

Бес гектар аумақта орналасқан нысанның құрылысына 658,7 млн теңге бөлінді. Ауыл тұрғындары жаңа Мәдениет үйінің ашылғанына ризашылықтарын білдірді. Айтуларынша, елді мекенде балалар мен жастардың шығармашылықпен айналысып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін осындай орын көптен қажет болған. Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев ауылдағы мәдениет ошақтарының маңызына тоқталды.

«Бұл – жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – ауылдың мәдени өмірін жандандыратын, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашатын орта. Мұнда ұлттық өнеріміз бен дәстүріміз дәріптеліп, түрлі буын өкілдері бас қосатын болады. Мемлекет басшысы мәдениет пен өнердің ел өміріндегі маңызын үнемі айтып келеді. Сондықтан облыста мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы төрт жылда бұл салаға 52,6 млрд теңге бағытталып, 10 жаңа мәдениет нысаны салынды, 19 мәдениет үйі жөндеуден өтті. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады», – деді Ғани Майлыбаев.

Жібек жолы ауылындағы жаңа мәдениет үйі – соңғы жылдары облыста пайдалануға берілген мәдени нысандардың бірі. Былтыр Кеген ауданындағы Жалағаш және Жылысай, Іле ауданындағы Өтеген батыр, Жамбыл ауданындағы Мәтібұлақ ауылдарында жаңа мәдениет үйлері ашылды. Биыл Жамбыл ауданындағы Шиен ауылында Мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Қазір облыста Жамбыл ауданының Қарғалы және Іле ауданының Боралдай ауылдарында жаңа мәдени нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта да мәдениет үйлері мен басқа да мәдени нысандарды жаңғырту және салу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ.

Былтыр Кеген ауданындағы Жалағаш және Жылысай, Іле ауданындағы Өтеген батыр, Жамбыл ауданындағы Мәтібұлақ ауылдарында жаңа мәдениет үйлері ашылды. Биыл Жамбыл ауданындағы Шиен ауылында Мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Қазір облыста Қарасай ауданының Әйтей, Жамбыл ауданының Қарғалы және Іле ауданының Боралдай ауылдарында жаңа мәдени нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта да мәдениет үйлері мен басқа да мәдени нысандарды жаңғырту және салу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ.

Shares:

Related Posts

Саясат

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Алмалы» өнімдері павильоны ашылды. Онда жергілікті шаруалар өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынады. Ет, сүт өнімдері, көкөніс пен басқа да азық-түлік түрлерін нарықтағы бағадан 10–15 пайызға
Саясат

Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

Туризм саласы Алматы облысының бюджетіне қомақты кіріс әкеліп отыр. Биылғы сегіз айда саяхатшылардың есебінен қазынаға 3,9 млрд теңге түсті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат

Алматы облысында 5 жаңа мектеп ашылып, күрделі жөндеуден өткен 10 білім ошағы пайдалануға берілді

Білім күнінде Алматы облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бес жаңа мектеп есігін айқара ашты. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *