Новости

Тәлімді де тағылымды кездесу өтті

Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еліне еңбегі сіңген белгілі тұлға Куляш Абдезовамен кездесу өтті. Жастарға арналған шара «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында өрбіді.

Куляш Нусуповна 1968 жылы Жамбыл қаласындағы гидромелиотивтік-құрылыс институтына оқуға түсіп, 1972 жылы бітірген. Сол қаладағы Қазақ ғылыми су-шаруашылық  институтында инженер болып жұмыс істеп, аспирантураға түседі. Шамалған ауылындағы су-шаруашылық колледжінд директордың оқу-тәрбие бөлімінің орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, кейіннен талай жылдар бойы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде оқытушы болып еңбек еткен. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, жергілікті депутат болып 2 мәрте сайланған. Аудандық депутат болып 2 жыл қызмет атқарып, еліне еңбегін сіңірген. Өз кезегінде мемлекетке еткен қарқынды қызметі еленіп, бірнеше рет медальдармен марапатталды. Қазірде қоғам белсендісі – зейнеткер. Қазақтың қолөнерін ұлықтып, ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып отыр. Шамалған ауылындағы Ардагерлер алқасының мүшесі.

Шараға қарасайлық жастар шақырылып, оларға Куляш Нусуповна келелі әңгіме айтып, білген-түйгенімен бөлісті. Шара мақсаты да сол — жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялату, келешек ұрпаққа адамгершілікті, тәрбиелікті, мейірімділікті, қарапайымдылықты үйрету.

 «Болашақтың кілті, елдің ертеңі — білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты болғандықтан жастардың тәрбиесі мен біліміне аса көңіл аударуды талап етіп жатыр. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналып отыр. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін жасалып отырған бағдарламалар Қазақстан жастарына арналған тамаша мүмкіндік. Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізе алады. Сонымен қатар, жастар қоғамға пайдасын тигізіп, алған білімін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел болатыны сөзсіз. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Біз күш-қайраты тасыған тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз», — деді кездесуде сөз тізгіндеген зейнеткер.

Спикер жиында болашақта жастардың талай белестерді бағындыратынына да сенімі мол екенін жеткізді. Өз сөзінде білімді жастар елімізде айтарлықтай өзгерістер жасап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкілеген үмітін ақтауға тырысуы қажеттігін баса айтты.

«Біздің елімізге белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында деген сөз мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін ұмытпайық», — деді үлгі-өнегесін айтып, бағыт бағдар берді.

Жастар өмірде түйгені мол, Қазақстанның дамуына өзіндік үлесін қосқан азаматты ұйып тыңдады. Тағылымды кештен рухани азық алып, өз кезегінде зейнеткерге толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Жалпы, мұндай шаралар Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жиі өткізіліп тұрады.

 

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі

 

Related Posts

Новости

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде
Новости

Қонаев қаласында такси жүргізушілеріне МӘМС жүйесі кеңінен түсіндірілді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды іске қосылғанына биыл төртінші жыл. Жүйенің тиімділігі, оның мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасып келеді. ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиал өкілдері Қонаевтағы «Достар»
Новости

Қарасайда науқастың жүрегіне электрлік кардиостимулятор орнатылды

64 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны талай жылдан бері жүректің ишемиялық ауруымен күресіп келген. Бұл - жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Шілденің соңында азамат инсульт
Новости

Заирова Асель Бахадыровна

Заирова Асель Бахадыровна 24 февраля, 2025 Закиева ужаснулась от условий проживания детей в школе-интернате в Алматинской области 24 февраля, 2025 Деньги на лечение умершего ребенка собирала мошенница в Алматинской области