Новости

Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады?    

Шетел азаматтары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру диагнозы қойылса, барлығы медициналық көмек ала алады. Оның түрлері мен көлемдері ҚР ДСМ 2020 жылғы 9 қазандағы №121 бұйрығымен бекітілген. Медициналық көмек ТМККК қаражаты есебінен берілетін болады.

Шетелдіктер, ТМД елдерінің азаматтары кенеттен болған жағдайлар мен олардың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және жүктілік кезіндегі шұғыл жағдайлар кезінде жедел және шұғыл медициналық көмек ала алады.

«Науқастың өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төнген және оны тасымалдау мүмкін болған сәттен бастап медициналық көмек ақылы негізде көрсетіледі. Бұл жағдайда қаржыландыру ТМККК қаражаты есебінен болады. 2000 жылғы 29 ақпандағы N 320 ҚРҮҚ бекіткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келісім медициналық көмек алуға негіз болады», — дейді МӘМС қорының өкілдері.

Бірге тұратын, ЕАЭО елдерінің бірінің (Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстан) азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылар және олардың отбасының жақын мүшелері (жұбайы, балалары) алдыңғы тармақтарда көрсетілгендерден басқа МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болған кезде медициналық көмекті пайдалана алады. МӘМС медициналық көмегін алу үшін шетелдіктерге алғашқы медициналық-санитариялық көмекке ерікті медициналық сақтандыру шарты қажет екенін білу маңызды. Келісім-шартқа ие бола отырып, мұндай шетелдіктер емханаға тіркеле алады

Егер еңбек мигрантының отбасы мүшелері жұмысқа орналаспаса, онда олар дербес төлеушілер ретінде МӘМС-ке жарналар төлеуі тиіс. Балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, мүгедектер, студенттер жеңілдік санатына кіріп, мемлекет есебінен сақтандырылуы мүмкін. Бұған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негіз болады

Бұл жағдайда медициналық көмек МӘМС, ЕМС қаражаты немесе шетелдіктердің жеке қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады

Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер медициналық көмекті ҚР азаматтарымен тең алады, бұл дегеніміз- ТМККК және МӘМС көлемінде ала алады (сақтандырылу мәртебесі болған кезде).

Шетел азаматтарының бұл санаты жеңілдікке енуі мүмкін. Негіздеме-Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс (83-бап). Қаржыландыру ТМККК және МӘМС есебінен жүзеге асырылады.

 

Shares:

Related Posts

Новости

Ауыл медицинасының әлеуеті артып келеді

Алматы облысында 1 млн 500 мыңнан астам халық бар. Олардың 80 пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады. Аймақта ауыл медицинасының ахуалы күн санап жақсарып келеді. Мәселен, Қарасайға қарасты Елтай ауылдық округіндегі
Нурлан Аубакиров
Новости

В Карагандинской области избран председатель филиала партии Respublica

Председателем областного филиала партии Respublica в Карагандинской области избран Нурлан Аубакиров Родился в 1975 году в Карагандинской области. Окончил Карагандинский государственный университет по специальности «экономист», Гуманитарный университет им. Д.А. Кунаева
Новости

Әдеп — мінсіз қызмет кепілі

Этикалық нормалар қызметте жүрген әр жанға ортақ. Сала мен лауазымды таңдамайтын баршаға бірдей заң жүйесі төтеншеліктерді де айналып өтпейді. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.
Новости

Қатерлі ісікке шалдыққан: жамбылдық науқас ауруынан құлан таза айықты

Самсы ауылының тұрғыны өкпесінде қатерлі ісік барын тіркелген ауруханасындағы дәрігер-терапевтінен білген. 3 баласы бар науқастың айтуынша, ауру белгілері былтыр желтоқсан айында пайда болыпты. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйел қызмет