Новости

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ қолданысқа берілді

Бүгін Қонаев қаласы және Алматы облысы тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуы үшін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ (магниттік-резонанстық томография) қолданысқа берілді. Енді науқастар МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған мәртебесі болса, МРТ тегін түсе алады.

МРТ аурухана ғимаратынан бөлек орналасқан. Нысанның ашылу салтанатына облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева, қала әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысты.

«Алдымен баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бүгін қала жұртшылығы үшін қуанышты күн. Себебі, бұған дейін науқастар МРТ-ға түсу үшін Алматы қаласына барса, енді бұл қызметтің түрі қолжетімді болды. Шаһарға қарасты ауыл тұрғындары да нақты диагнозын алу мақсатында алысқа бармайтын мүмкіндік алды», – деді өз сөзінде Сәуле Қайырлықызы.

Лейла Серікбаеваның айтуынша, Алматы облысында 3 МРТ қолданысқа берілген. Өңірде 1,5 млн-нан астам халық тұрады екен.

«Облыс екіге бөлінгелі денсаулық сақтау саласына ден қойылып, «Дені сау ұлт» жобасы аясында 3 МРТ сатып алынды. Оның бірі Қонаев қаласында, екіншісі Еңбекшіқазақ ауданында, үшіншісі Қарасай ауданында орналасқан. МРТ – ауруларды ерте уақыттан анықтауға арналған заманауи талаптарға сай келетін жабдық», – деді ол.

Аталған құрылғымен жұмыс жасау үшін медицина қызметкерлері арнайы біліктілік курстарынан өткен. Кабинет халыққа тәулік бойы қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

Shares:

Related Posts

Новости

Қарасайда 9 млн теңге тұратын ота МӘМС есебінен тегін жасалды

Қарасай клиникалық көп бейінді аудандық орталық ауруханасы Алматы облысындағы ең ірі медициналық мекеме болып табылады. Нысанға 280 мыңнан астам адам тіркелген. Бүгінде оларға медициналық көмек МӘМС есебінен тегін көрсетіліп отыр.
Новости

Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС туралы ақпарат берді

Алматы облыстық Халықтық штабы Есік қалалық гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жастарға атом электр станциясы салу туралы ақпарат беру және энергетика саласындағы қазіргі жағдайды талқылау болды. Өңірлік
Новости

Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін Қонаев қаласындағы Центральная 19 мекенжайында арнайы пункт ашылды. Бұл ретте облыс тұрғындары үшін күн сайын сағат 09.00-ден
Новости

Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу жолдары қандай?

Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы өңірде кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, ерте жүктілік мәселесі бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі.