Новости

Қарасайлық дәрігерлер ауыр диагнозбен түскен науқасты құтқарды

Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1953 жылғы әйел ауыр хәлде түскен. Дәрігерлер қажетті сараптамадан кейін 70 жастағы науқасқа В вирусты гепатиті дамып, бауыр циррозына әкелгенін анықтаған. Портальды гипертензия синдромы қойылған. Яғни, 3 дәрежелі өңештің варикозды кеңеюі тіркелген. Ауру қан кетумен асқынған.

«1953 жылғы науқасқа ем МӘМС есебінен тегін тағайындалды. Науқаста орташа дәрежедегі постгеморрагиялық анемия екенін білдік. Бұл –  жылдам және массивті қан жоғалтудан туындаған анемия. Бейнеэзофагогастродуоденоскопия кезінде өңештің веналарынан қан кету жалғасты. Осыдан кейін азаматқа шұғыл түрде қан кету биіктігінде өңешті байлау жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай асқынусыз қан тоқтады», — деді отаны жасаған дәрігер-хирург Данияр Рустамұлы.

Дәрігер отаның сәтті өткенін айтады. Нәтижесінде зейнеткер 6 күннен кейін аурухана қабырғасынан шығарылып, үйіне қайтарылған. Оның өлім аузынан аман алып қалған ақ халатты абзал жандарға алғысы зор. Айта кетерлігі, науқасқа ем-шара міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізілді. Жалпы, Қарасай аудандық ауруханасының материалдық техникалық базасы заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған және мұнда күрделі оталарды өткізуге барлық жағдай жасалған.

Shares:

Related Posts

Новости

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халық үшін тиімділігі зор

-Талғар ауданы ірі мегаполис Алматы қаласына жақын орналасқан. Халық саны да күн санап артып келетіні жасырын емес. Мұндағы аудандық аурухана тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге қаншалықты дайын? Бұл туралы бүгін
Новости

Дәрігерлер тілме ауруына шалдыққан науқасты құтқарды

Алматы облысында тілме ауруына шалдыққан азамат МӘМС есебінен қажетті медициналық көмек алды. Бұл дерт – терінің жедел қабынуы. Аурудың қоздырғышы – стрептококк бактериялары. Ауру жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп, дене
Новости

Шетелде емделуге кім құқылы?

МӘМС шеңберінде науқастар шетелге емделуге жіберіледі немесе Қазақстан ауруханаларға операциялар жүргізу үшін шетелдік мамандарды шақырады. Шетелде емделуге балалар да ересектер де құқылы. Ондай мүмкіндік елімізде жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке
Новости

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС