Новости

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста қанды ісік анықталған. Дәрігерлер бірден ота үстеліне әкеліп, сүйекті сақтай отыра ісіктің көзін жойған. Абырой болғанда, зардап шеккен азамат дәрігерлердің көмегімен аман қалды. Күрделі отадан кейін келесі күні есін жиыпты. Медицина мамандарының айтуынша, науқасқа екі апта бойы оңалту шаралары жүргізіліп, аяқтан тік тұрған.

—        Біздің ауруханада мұндай науқастарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Өйткені, емханада компьютерлік томография, МРТ бар. Барлық медициналық көмек науқастар үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін жүргізіледі. Былтыр жаңа заманауи құрылғылар сатып алынды. Микроскоп, арнайы бұрғылау құралдары әкелінді. Мұнымен қоса, нейрохирургиялық бағытта емдеуді қажет ететін науқастар МӘМС аясында квотаға ие болу арқылы өзге ірі ауруханаларға  жіберіледі. Ота үшін жолдаманы 2 апта ғана күтеді, — дейді Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігер-нейрохирургі Марат Гизатуллин.

Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, бүгінде отадан өткен науқаста неврологиялық жетіспеушілік жоқ. Айта кетерлігі, көлік апатынан аман қалған тұрғынға қажетті медициналық көмек МӘМС есебінен тегін көрсетілді. Жалпы, күніне Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жол апатынан зардап шеккен 10-ға тарта науқас түседі. Нейрохирург-дәрігер Марат Римовичтің сөзінше, травматология және нейрохирургиялық бөлімге бас, арқа, омыртқа жарақаттарымен келетін науқастардың 100-ге жуығы пышаққа түседі. Олардың тең жартысына ота бас сүйегіне жасалады, — дейді дәрігер.

Shares:

Related Posts

Новости

МӘМС аясында «DN Medicus Pharm» орталығында 65 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Біз Жамбыл ауданының ересектері мен балаларына алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық — диагностикалық көмек көрсетеміз. Емхана "Қайырымды қызмет көрсету емханасы" ұранымен жұмыс істейді және оның миссиясы "қазіргі заманғы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және медициналық-әлеуметтік
Новости

Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы
Новости

Жетісу облысына жұмысқа орналасқан 70 маманға жәрдемақы беріледі

Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап жұмысқа орналасқан жас мамандарға облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссияның шешімімен жәрдемақы тағайындады. Шешім бойынша ауылға жұмысқа орналасқан