Без рубрики

МӘМС: Дәрігерлер 70 жастағы қарияның коронарлық артериясын қалпына келтірді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиологтары мен кардиохирургтары 70 жастағы науқасқа коронарлық артериясына шунттау жүргізді. Егде жастағы азамат кеуде тұсындағы ауырсыну және қатты ентігу шағымдармен жүгінген.

Жалпы, коронарлық артерияны шунттау немесе АКШ — бұл жүректің ишемиялық ауруының соңғы кезеңдерін тиімді емдеуге және жүректің негізгі тамырларының қалыпты өткізу қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ота. АКШ отасы жүрек бұлшықетіне артериялық қан ағымын қажетті мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Науқастың жүрегіне хирургиялық араласу коронарлық артериялардың бітелуі 60-70% — ға жеткен кезде және стенттеу немесе ангиопластика жарамсыз, дәрі-дәрмекпен түзетілмейтін стенокардияның ауыр көріністері болған жағдайларда ұсынылатын ота түрі. Бұл жағдайда біз науқастың жасын және қосалқы шағымдарын ескере отырып, АКШ жасау туралы шешімге келдік. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өтті», — деді кардиолог-дәрігер Тимур Ибрагимов.

Ота тамырдың зақымдалған аймағын айналып өтіп, артериялық қанның жүрек бұлшықетіне қосымша жолын жасау үшін жүргізілді. Операцияның басында жүрекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін кеуде қуысының ортасында кішігірім тілік жасалады. Одан кейін шунт ретінде пайдаланылатын күре тамырды дайындап, хирургтар зақымдалған тамырды айналып өтетін артериялық қанның өткізгіштігін реттейді. Соңғы кезең-тігістер салынып, дренаж орнатылады.

«АКШ отасының өзінен кейін оңалту — денсаулықты одан әрі жақсаруына мүмкіндік береді. Жүрек тамырларын айналып өтетін отаны жасатқан науқасты толық қалпына келтіру үшін 2-6 ай қажет. Ота сәтті өтті. Алғашқы 2 күнде науқас қарқынды терапия бөлімінде болды. Қазір біз оны кардиология бөліміне ауыстырдық», — деді Тимур Ибрагимов.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысында МӘМС арқылы 400-ге жуық ота жасалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мүмкіндігі зор. Бұл жүйе аясында Алматы облысы орталығындағы көпсалалы ауруханада жыл басынан бері 400 ге жуық ота жасалған. Жуырда иық артериясы диагнозымен Қонаев тұрғынына операция жасалыпты.
Без рубрики

Алматы облысында дәрігерлер арасында шеберлік сабағы өтті

Шеберлік сабағы аритмолог-дәрігер Қанат Ергешев, бағдарламашы-менеджер Нұрдәулет Сүлейменнің жетекшілігімен Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Орынбасар Тайманұлының қатысуымен өткізілді. Аясында ауыр созылмалы жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан екі
Без рубрики

Антикор Қарасай ауданының әкіміне 172 500 теңге айыппұл салды

Бұл туралы Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді. Аудан әкімі Жасұлан Естенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Кезекті мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер
Без рубрики

Алматы облысының мәдени ұйымдары «Рухани қазына – 2023» фестивалінде жеңімпаз атанды

Еліміздегі мәдени мекемелердің үздігі сараланған жарыста Алматы облысының өкілдері өзге қатысушылардан оза шауып, үздіктер қатарынан көрінді. Жамбыл ауданында орналасқан С. Аронұлының әдеби-мемориалды музейі «Үздік аудандық маңызы бар музей» деп танылды.