Қоғам

Алматы облысының өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Алатау әуендері» ұйымы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында концерт қойды. Әртістердің өнерін 3 шаһардың 2 мыңға жуық тұрғыны тамашалады.

«Ән бесігі – Алатау» атты концерттік бағдарламасы аясында өңір әртістері «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі және эстрадалық жанрда ән айтты. Ұлттық және заманауи биден шашу шашты. Сонымен қатар, түрлі аспаптың құлағында ойнап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ұйым өнерпаздары жалпы саны 21 концерттік номер көрсеткен.

«Түркістан қаласында облыстық әмбебап ғылыми «Фараб» кітапханасында концерт қойдық. Көрермен көп жиналды. Ал Таразда «Баласағұн» орталық концерт залында ұйымдастырдық. Ондағы мәдениет үйінде бірде бір орын бос қалған жоқ. Шымкент қаласында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында жоғары деңгейде өткіздік. 3 қаланың жұртшылығына алғыс айтамыз. Көрермен ықыласына бөленіп, шабыт алып қайттық», – деді «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры Ұлпан Ербатырова.

Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленген «Алатау әуендері» концерттік ұйымының әртістері жыл басынан бері Алматы облысының 160-тан аса түрлі шарасында өнер көрсеткен. Қазір ұжымда 70-ке жуық адам қызмет етеді. Айта кетерлігі, іссапар Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Related Posts

Қоғам

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық
Қоғам

«Кітап-AMANAT»: Отандық әдебиетті ілгерілетуге бағытталған жоба Жетісу өңірінде жалғасын тапты

Осыған дейін Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл, Павлодар облыстарында басталған жоба бүгін Жер жаннаты – Жетісуда жалғасын тапты. «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалында өткен іс-шараға партия Хатшысы Шолпан Каринова, «Қазақстан
Қоғам

Қарызсыз қоғам: Алматы облысының сарбаздары қаржылық сауаттылықтарын арттырды

Жоба аясында өңірде жалпы 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауатын арттырды. Бүгін Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты оқыту бойынша ауқымды жоба жалғасты. «Бүгін аманаттықтар
Қоғам

Алматы облысында 5 мыңдай аманат етілген әлемдік мұра жойылып кету қаупінде тұр

Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы облыстық Партиялық бақылау комиссиясының отырысында талқыланды. Жиынға тарихшылар, экологтар, қоғам белсенділері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. «Охотники за петроглифами» ҚБ директоры Ольга Гумированың айтуынша, Аққайнардағы