Новости

Кептеліс мәселесі: Алматы облысының әкімі тұрғындардың сауалына жауап берді

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Олар қозғаған мәселелердің қатарында электр қуаттылығының тапшылығы, кептеліс, балық шаруашылығы және жолөткел салу өтініші бар.

Мәселен, 60 жастағы Іле ауданының тұрғыны «DAMU» индустриалды логистикалық орталығы жанындағы кептеліске қатысты сауалын қойды.

«Бір тәулікте Алматы-Жетіген-Қонаев су қоймасы автожолымен 20 мыңнан астам автокөлік, Іле және Талғар ауданыан 46 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде 12 мың студент Алматы қаласына қатынайды. Көлік ағыны артқандықтан қарбалас уақытта «DAMU» индустриалды логистикалық орталығы жанындағы теміржол өткелінде километрлі кептелістер пайда болады. Бүгінгі таңда көлік айрығы жоқ. Сағаттап жол кептелісінде тұруға мәжбүрміз. Сондықтан, темір жолдың үстімен өтетін жолөткел салу мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын»,– деді Хамит Абдин.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінгі күнде аталмыш мәселе бойынша жолөткелдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

 «Алматы-Жетіген-Қапшағай суқоймасы автожолы бойынша жолөткелдің жобасы әзірленген. Жобаланған учаскенің басы Өтеген батыр кентіндегі Киров және Жансүгіров көшесімен іргелес жатқан аумақтан басталып, соңы DAMU логистикалық орталығының қиылысында орналасады. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сараптама қорытындысы шамамен биыл тамыз айында шығару жоспарланған. Содан кейін оның бюджеттік қаражаты сұралатын болады. Қаражат бөлінгеннен кейін құрылыс басталмақ», – деді өңір басшысы.

Ал Қарасай ауданының тұрғыны Егеубек Егізбек те Алматы-Бішкек тас жолындағы кептеліс мәселесін көтерді. Айтуынша, автожол арқылы арқылы  500 мыңнан астам халқы  бар  Қарасай мен Жамбыл  аудандарының тұрғындары күнделікті Алматы қаласына қатынайды. Онымен қоса, Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы пайдалануға берілгелі бері, Алматы-Бішкек бағытының 19 км бұрылысынан Қаскелең қаласының бұрылысы аралығында ұзынсонар  автокөлік кептелісі туындаған. Бұл –  жүргізушілер мен тұрғындарға қолайсыз жағдай туындатып отырғанын айтты.

Облыс әкімі аталмыш мәселе бойынша автожолдың 20-27 шақырым аралығында 6 жолаққа дейін кеңейтуді қарастырылып жатқанын жеткізді.

«Көлік қарқындылығының өсуіне байланысты «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының 16-19 шақырым аралығындағы жол 4 жолақтан 8 жолаққа дейін кеңейтілді. Енді 20-27 шақырым аралығындағы жолды 6 жолаққа дейін кеңейту туралы сұрақ қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда жоба үлгісі дайындалды. Жұмыстарды бастамас бұрын техникалық-экономикалық негіздемесін, сметалық жобалау құжаттарын әзірлеу қажет. Кеңейту жоспарын нақтылап, тиісті қаражат бөлінген жағдайда аталған жұмыстар алдағы уақытта кезең кезеңімен жалғасатын болады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Аясында, тұрғындар көтерген мәселелердің шешу жолдарын білді.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық партия филиалының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.

Тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Shares:

Related Posts

Новости

ТМККК пакетіне не кіреді?

Елімізде медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті тегін алуға бола ма? Бұл туралы МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде алуға болатын қызмет
Новости

«Аймақтану» білім беру бағдарламасы қандай мамандықтарды дайындайды?

Халықаралық кеңістікті аймақтарға бөлу халықаралық қатынастарда жаңалық емес. Халықаралық қатынастар тарихында аймақтар империялар түрінде, ірі держава мен оның одақтастарының альянсы түрінде болған. Қазіргі кезде аймақтар халықаралық жүйенің дербес қызметі бар
Новости

Қазақ ән өнерінің қара нары Нұрғали Нүсіпжанұлы Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов туған күні қарсаңында Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды. Ән өнерінің дарабозына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы
Новости

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халық үшін тиімділігі зор

-Талғар ауданы ірі мегаполис Алматы қаласына жақын орналасқан. Халық саны да күн санап артып келетіні жасырын емес. Мұндағы аудандық аурухана тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге қаншалықты дайын? Бұл туралы бүгін