Новости

Биыл МӘМС үшін қанша төлейді?

МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, бірақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында үстіміздегі жылы қазақстандықтар медсақтандыру үшін қанша төлеу керектігін айтып берді.

 Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.

Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер мен қызметкерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс, яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарнасы 17 000 теңгені құрайды.

Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді. 2024 жылы: (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге.

Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе, қарыз пайда болады.

Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5% көлемінде, яғни 4 250 теңге жарна төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесінде сақтандырылу үшін  өткен 12 айдың берешегін жабу керек немесе алдағы 1 жылға жарна төлеуге болады. Бұл жағдайда төлемді әр айға жеке-жеке төлеген жөн.

1 қаңтардан БЖТ қолданылу мерзімі аяқталғандықтан,  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебені екі жолмен ала алады:

— жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды ЖК ретінде төлеу;

— жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.

 

Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін 2024 жылы 5852,63 теңге жарна төлейді.

Екі жерде жұмыс жасаса, жарналарды қалай төлейді?

«Кейбір азаматтар екі жерде жұмыс істейді. Бұл жағдайда төлемдерді есептеу үшін шекті табысты ескеру керек – ол 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге).   МӘМС-ке аударымдар әр жұмыс орнынан аударылады, бірақ 25 000 теңгеден аспауы керек. (850 000 теңгенің 3%).Ал жарналарды есептеу кезінде барлық жұмыс орынанан түсетін ортақ табысы ескеріледі, яғни әр айға жарна 17 000 теңгеден аспауы тиіс (850 000 теңгенің 2%).Қызметкер төлемдерді дұрыс есептеу үшін бірінші жұмыс орнынан екіншісіне анықтама тапсыру керек.Мысалы, қызметкер А ұйымынан 550 000 теңге жалақы алса, Б ұйымынан 400 мың теңге түседі. Оның ортақ табысы 950 000 теңге, яғни, шекті салық салынатын кірістен жоғары. Бұл жағдайда бірінші жұмыс беруші 11 мың теңге көлемінде жарна ұстап, 16 500 теңге көлемінде аударым жасайды. Екінші жұмыс орнында оған 6 000 теңге (жарнаның ең жоғары мөлшері 17 мыңнан  төленген11 000 теңге жарнаны шегергенде) жарна төлейді. Аударымдардың мөлшері 18 000 теңгені құрайды (аударымдарды есептеу үшін табыс қосылмайды)», — дейді қор өкілдері.

Сондай-ақ, ресми қызметінен бөлек, жеке бизнесі бар жеке кәсіпкерлер де бар. Бұл жағдайда қызметкердің жалақысынан қажетті жарналар мен аударымдар төленеді әрі Салық кодексі талап еткендей жеке бизнесі үшін төлеуі қажет.

МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

Новости

МӘМС-тегі сақтандыру мәртебесі болмаса, науқасқа медициналық көмектен бас тартуға бола ма?

Сақтандырылмаған пациент ТМККК тізбесіне кіретін, бірақ МӘМС пакетінде медициналық қызметтерді ала алмайтын қызметтерді ала алады. Бұл туралы қордың Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар аурулар
Новости

«Аймақтану» білім беру бағдарламасы қандай мамандықтарды дайындайды?

Халықаралық кеңістікті аймақтарға бөлу халықаралық қатынастарда жаңалық емес. Халықаралық қатынастар тарихында аймақтар империялар түрінде, ірі держава мен оның одақтастарының альянсы түрінде болған. Қазіргі кезде аймақтар халықаралық жүйенің дербес қызметі бар
Новости

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту тапсырмасы аясында Жас мемлекеттік  қызметшілер мектебі – талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тартуға, олардың біліктілік
Новости

МӘМС — денсаулық сақтау саласындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі

Дүние жүзінің көптеген елінде мемлекет барлық азаматтар мен тұрғындарды ауру немесе жарақат алған жағдайда медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін міндетті медициналық сақтандырумен келісім жасауға міндеттейді. МӘМС төлеушілердің арнайы