Новости

Балалар арасындағы өкпе қабынуы азайды

Былтыр Алматы облысының орталығында балалар арасында өкпе қабынуы жиі кездескен. Қонаевтық дәрігерлердің айтуынша, қаңтарда сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде төмендеп келеді. Қазірде көпсалалы аурухананың балалар бөлімінде 20-дан аса бала ем қабылдап жатыр. Жеткіншектердің басым бөлігіне пневмония диагнозы қойылған.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының балалар бөлімінде 27 орын бар. Қазірде 20-дан аса бала ем алып жатыр. Қатарында –  Ләззат Әбдікәрімованың 2 жастағы бүлдіршіні де бар. Жас ана алдымен үй жағдайында баласын емдей бастаған. Кейін ауруы өршіп, дене қызуы көтерілген соң, ауруханаға әкелген. Тексеру нәтижесінде науқастың қос өкпесінің қабынғаны анықталыпты. Мекеме қабырғасында қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы жақсарған.

«Менің қателігім үйде емдегенім болды. Жаңа жылдың алдында ауырып бастадық. Дәрігерлерге рахмет. Бірден келген соң тексеріп, температурасы түспеген соң осында әкеліп едік», — дейді қала тұрғыны Ләззат Әбдікәрімова.

Ауруханаға түскен балалардың басым бөлігінің өкпесі қабынған. Десе де, дәрігерлер қараша, желтоқсан айларындағы көрсеткішке қарағанда, пневмонияға шалдыққан жастар саны азайып келеді.

«Тыныс алу жолдары ауруларынан бөлек, жүйке жүйесінің бұзылуы, ұлану, қанд диабеті, эпилепсия сынды дерті де балалар арасында кездесіп жатыр», — дейді Гүлсара Құмарбекова Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының инфекционист-дәрігері.

Былтыр медициналық мекеменің балалар бөлімінде 800-ден астам бала ем алған. Оларға бұл қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетіледі. Жеңілдік санатына кіретіндіктен жастарға жарнаны мемлекет төлейді. Биыл оның көлемі бір адамға 5862 теңгені құрап отыр.

 

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысының түкпір-түкпірінде «Дәрігер бұрышы» акциясы өтіп жатыр

Осы жолы игі бастама Қарасай өңірінде жалғасын тапты. «Дәрігер бұрышы» акциясы аясында қарасайлық тұрғындар тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет алды. Ерекше шара ауданның «Аport» атты ірі сауда кешенінде өтті. Дәрігерлер қант
Берік Уали
Новости

Берик Уали рассказал, подаст ли Казахстан заявку на вступление в БРИКС

Советник – пресс-секретарь президента Казахстана Берик Уали рассказал о том, что в адрес Касым-Жомарта Токаева поступали предложения о вступлении страны в БРИКС. И глава государства внимательно рассматривает эти предложения с
Новости

МӘМС:Созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек алады?

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек ала алатынын мәлімдеді. Айтуларынша, созылмалы аурулар бойынша медициналық көмек алу үшін науқастың диагнозы қойылуы керек. Медициналық
Новости

Алматы облысында автобус жүргізушілеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының директоры тұрғындар арасында МӘМС мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру үшін «Қапшағай автобус паркі» серіктестігіне барды. Мекеме ұжымымен кездесіп, жүргізушілерге сақтандырылған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын