Новости

Балалар арасындағы өкпе қабынуы азайды

Былтыр Алматы облысының орталығында балалар арасында өкпе қабынуы жиі кездескен. Қонаевтық дәрігерлердің айтуынша, қаңтарда сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде төмендеп келеді. Қазірде көпсалалы аурухананың балалар бөлімінде 20-дан аса бала ем қабылдап жатыр. Жеткіншектердің басым бөлігіне пневмония диагнозы қойылған.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының балалар бөлімінде 27 орын бар. Қазірде 20-дан аса бала ем алып жатыр. Қатарында –  Ләззат Әбдікәрімованың 2 жастағы бүлдіршіні де бар. Жас ана алдымен үй жағдайында баласын емдей бастаған. Кейін ауруы өршіп, дене қызуы көтерілген соң, ауруханаға әкелген. Тексеру нәтижесінде науқастың қос өкпесінің қабынғаны анықталыпты. Мекеме қабырғасында қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы жақсарған.

«Менің қателігім үйде емдегенім болды. Жаңа жылдың алдында ауырып бастадық. Дәрігерлерге рахмет. Бірден келген соң тексеріп, температурасы түспеген соң осында әкеліп едік», — дейді қала тұрғыны Ләззат Әбдікәрімова.

Ауруханаға түскен балалардың басым бөлігінің өкпесі қабынған. Десе де, дәрігерлер қараша, желтоқсан айларындағы көрсеткішке қарағанда, пневмонияға шалдыққан жастар саны азайып келеді.

«Тыныс алу жолдары ауруларынан бөлек, жүйке жүйесінің бұзылуы, ұлану, қанд диабеті, эпилепсия сынды дерті де балалар арасында кездесіп жатыр», — дейді Гүлсара Құмарбекова Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының инфекционист-дәрігері.

Былтыр медициналық мекеменің балалар бөлімінде 800-ден астам бала ем алған. Оларға бұл қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетіледі. Жеңілдік санатына кіретіндіктен жастарға жарнаны мемлекет төлейді. Биыл оның көлемі бір адамға 5862 теңгені құрап отыр.

 

Shares:

Related Posts

Новости

Күрделі әрі қымбат оталар МӘМС жүйесінде қолжетімді

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС
Новости

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу қажет болатын табыстың ең жоғары мөлшерін бес есе ұлғайтуды ұсынған заң жобасын дайындап, жариялады. Жоба талқылау үшін еркін
Новости

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС
Новости

Қор міндеттерінің бірі — пациенттермен кері байланысты бақылау

Бүгін «Аlatau24.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық  филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев. Спикер халықты толғандырған жүйе аясындағы өзекті сауалдарға жауап беріп, мәселенің күрмеуін тарқатпақ.   -Тілеухан Шілдебайұлы,