Новости

Алматы облысында “Есірткіге жол жоқ” айлығы бастау алды

Айлық ішінде барлық құзіретті органдар бірлесе облыс бойынша есірткіні қолдануға шақыратын жазбаларды өшіру, жарнамаларын жою, өскелең жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жұмыстарын жүргізетін болады. Алғашқысы бүгін Қонаев қаласында өткізілді. Мұндай шара облысқа қарасты өзге аудандарда да басталды.

«Акцияның басты мақсаты — Алматы облысында ғимараттарға салынған, қауіпті жайттарға, есірткі тұтынуға  итермелейтін түрлі сурет пен жазуларды анықтап, олардың көзі жою. Өскелең жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жаман әдеттерден сақтау», — дейді Алматы облыстық Жастар басқармасының басшысы Мәди Ахметов.

Жалпы шара Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы, Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Прокуратура және Білім басқармасы өкілдерімен бірлесе өткізілді. Бүгін, Қонаев қаласы бойынша аталған жұмысқа 100 волонтер қатысып, 800-ге жуық жазбаларды өшірсе, ал жалпы облыс бойынша 5 мың ерікті өз үлестерін қосты.                                                                                                                                                                                                   

Сондай-ақ, шара аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары еріктілерге арнап шеберлік сағаттарын жүргізді.

Алматы облыстық Жастар басқармасының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

Новости

Әкім сайлауы: Жолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен, Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылында туып өстім. Еңбек жолымды 2016 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының спорт ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы
Новости

Дәрігерге аяғын кесіп тастауды өтінген науқас аман қалды

Бүгінгі күні анаэробты инфекция емі хирургияда ерекше орын алады. Бұл диагноздың ерекше ауырлығымен, іріңді некрозбен асқынуымен, жұмсақ тіндердің үлкен аумақтарына таралуымен байланысты. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирург-дәрігері Асхат Наймасов өте
Новости

Алматы облысы бойынша 400-ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы"ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, баланың