Новости

Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті

Шара аясында Жамбыл ауданының ірі сауда орталықтарында тұрғындарға тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Игі бастама Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы мен Жамбыл аудандық ауруханасымен бірлесе өткізілді. Аясында қор өкілдері халыққа МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтер мен науқастардың құқығы туралы айтып, ақпараттық жадынамалар таратты. «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болатынын баса айтты.


«Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Біз осыны акция аясында кеңінен түсіндірдік. Әсіресе, науқастардың құқығын жіті жеткіздік. Сонымен қоса, МӘМС есебінен дәрі-дәрмектерді де ала алатынын, жалпы осы жүйенің азаматтарға беретін мүмкіндігін айттық. Тұрғындардың шараға белсенділігі қуантады», — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облыстық филиалы бөлім басшысының ма Әкімбек Саурықбаев.

Мұнымен қоса, акцияға қатысушыларға Жамбыл аудандық ауруханасының бейінді дәрігерлері кеңес беріп, тұрғындарды өз денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды. Келушілердің артериялық қысымын өлшеп, уақытылы скринингтен өту арқылы қауіпті ауруларды дер кезінде анықтаудың маңыздылығын жеткізді.


«Мұндай акциялардың маңыздылығы зор. Бүгін тұрғындар белсенді болып, өздері келіп медициналық кеңес сұрады. Қан қысымдарын өлшеп, белгілі бір аурулар тізбесі бойынша ақпарат бердік. Жалпы, халық өзі профилактикалық шараларды өткізуі керек. МӘМС шеңберінде скринингтен уақытылы өтуі қажет. Әсіресе, осы тексеру кезінде қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін мекенжай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек», — дейді дәрігер Нұрсұлтан Қалабасов.

Айта кетерлігі, «Денсаулық бұрышы» акциясы аймақта алғаш рет өткізіліп отыр. Алда мұндай шаралар өзге де аудандарда жалғасын табады, — дейді ұйымдастырушылар.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Новости

Қонаев қаласына жаңа театр келе жатыр

Абадан. Арлан. Аққұртқа һәм Арыстан. 6 мамыр күні Қонаев қаласында ASSYLTAS театрының «Арена» атты спектаклі сахналанады. Басты рөлдерде Дулыға Ақмолда, Алмас Шаяхметов, Жанаргүл Жаныаманова, Салтанат Бақаева, Жандарбек Садырбаев сынды танымал
Новости

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халық үшін тиімділігі зор

-Талғар ауданы ірі мегаполис Алматы қаласына жақын орналасқан. Халық саны да күн санап артып келетіні жасырын емес. Мұндағы аудандық аурухана тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге қаншалықты дайын? Бұл туралы бүгін
Новости

«Аңсаған сәби»: Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді

Денсаулық  сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі 532  отбасыға «Аңсаған сәби» бағдарламасы игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19
Новости

Жетісу облысына жұмысқа орналасқан 70 маманға жәрдемақы беріледі

Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап жұмысқа орналасқан жас мамандарға облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссияның шешімімен жәрдемақы тағайындады. Шешім бойынша ауылға жұмысқа орналасқан