Новости

Алматы облысында автобус жүргізушілеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының директоры тұрғындар арасында МӘМС мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру үшін «Қапшағай автобус паркі» серіктестігіне барды. Мекеме ұжымымен кездесіп, жүргізушілерге сақтандырылған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие екенін жеткізді.

«МӘМС жүйесіне мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде қажетіне қарай ем алады, тіпті қажет болған жағдайда құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер де МӘМС жүйесінде тегін жасалады. Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде. Бұл бағыттағы жұмыстарды дамытып, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шаралары жалғаса береді», — деді кездесуде филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Жиында Тілеухан Шілдебайұлы денсаулық сақтау саласындағы соңғы өзгерістер мен МӘМС жүйесі туралы толықтырып ақпарат берді. Осы жүйе аясында науқас талап етуге құқылы қызмет түрлерін жіті жеткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.                                                                                                                                                               

««Сақтандырылған» мәртебесіне ие болу үшін соңғы 12 ай немесе болашақ 12 айдың төлемдері болу керек екенін білмеппіз. Бізде 3-4 ай ғана қызметке орналасқан, бұрын соңды ешбір жерде жұмыс істемеген жүргізушілер бар. Бүгінде олар мамандардан қажетті ақпарат алды. МӘМС-тің мүмкіндігі зор екенін білдік. Бұл қарапайым халыққа өте қажет жүйе. Қаншама қымбат медициналық қызметті осы жүйенің аясында алып отырмыз. Мұның өзі біз сияқты тұрғындарға өте маңызды», — дейді кездесуден соң «Қапшағай автобус паркі» ЖШС директоры Біржан Чимчиков өз сөзінде.

Өз кезегінде кездесуге қатысқан қызметкерлер толғандырған сұрақтарын қойып, МӘМС өкілдерінен тұшымды жауап алды.

Shares:

Related Posts

Новости

Дәрігерлер денесінің 85%-ын термиялық күйік шалған баланы аман алып қалды

Өткен жылдың желтоқсан айында Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінде жылу жүйесінің жарылуы салдарынан 2017 және 2021 жылы туған екі бала термиялық күйік пен жарақат алып, Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда
Новости

Алматы облысында тамағына сүйек тұрып қалған нәресте құтқарылды

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 1 жастағы бала тамағына бөгде зат тұрып қалуынан түскен. Анасының айтуынша, бала үйінде тамақ ішіп отырған кезінде,  тамағына сүйек тұрып қалған. Нәресте қабылдау бөлімінде бір
Новости

Биыл МӘМС үшін қанша төлейді?

МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, бірақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында үстіміздегі
Новости

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен екі мыңнан астам шалғай ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілген кешенде үш ай ішінде 640