Без рубрики

2024 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау басталды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 2024 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерінің басталғаны туралы хабарлады. Медициналық ұйымдар сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерді орналастыруға өз өтінімдерін бере алады.

 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін жүргізеді. Көлемдерді бөлуге ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің ақпараттар базасына енгізілген медициналық ұйымдар қатыса алады.

«2024 жылға екі пакетте де медициналық қызметтерді сатып алу жоспарында 2,8 трлн теңгеден астам, оның ішінде МӘМС бойынша – 1,2 трлн теңгеден астам қарастырылған. 2023 жылы сатып алу жоспары 2,5 трлн теңгені құрады (алдағы жылы қаржыландыру 12%-ға өседі).ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде 2024 жылға арналған қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1-4 желтоқсаннан 11-12 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау субъектілері қызметтерді сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерге келесі сілтеме арқылы өтінім бере алады: https://fms.ecc.kz/. Онда әр аймақ бойынша хабарландырулармен танысуға болады», — дейді қор өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік медициналық ұйымдармен бірге, жекеменшік клиникалар да медициналық қызмет көрсете алады. Ең бастысы олар ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 27-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келуі тиіс. Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері ұсынылған құжаттардың медициналық көмек көлемін орналастыруға рұқсат беру үшін талаптарға сәйкестігін он күн ішінде тексереді.

Қорытындысы бойынша денсаулық сақтау субъектісінің көрсетілген талаптарға сәйкестігі/ сәйкес келмеуі хаттамасы жасалады. Өтінімдерді қабылдау кезеңінен кейін комиссия мүшелері ұсынылған құжаттардың рұқсат беру талаптарына сәйкестігін он күн ішінде тексереді. Қорытындысы бойынша денсаулық сақтау субъектісінің көрсетілген талаптарға сәйкестігі/ сәйкес келмеуі хаттамасы жасалады. Бұл ретте өтінімдері критерийлерге сәйкес келмейтін клиникаларға ескертулерді үш жұмыс күні ішінде жоюға мүмкіндік беріледі. Содан кейін өтінімдер қайта қаралып, комиссия көлемдерді бөледі.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Қатерлі ісікке шалдыққан әйел 4 келі болатын сау баланы дүниеге әкелді

Талғар аудандық орталық ауруханасының әйелдер консультациясына жүктіліктің 14-ші аптасында сүт безінің карциномасы түріндегі ауыр анамнезі бар, орташа ауырлықтағы анемиясы бар әйел жүгінген. Келіншек – 30 жаста. 3 топтағы мүгедек жанға
Без рубрики

Дәрігерлер пышақ жарақатынан 1,5 литр қан жоғалтқан жасты құтқарды

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы белгісіз біреулердің қолынан пышақ жарақатын алған жас ер адамды жеткізді. Ол шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа іш қуысының жарақаты және сол
Без рубрики

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Сонымен, келесі жылы МӘМС-ке қанша
Без рубрики

Алматы облысындағы сотталушылар дәрігерлер тексерісінен өтті

Медициналық қызмет - жалпыға бірдей қолжетімді. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары 150-ге жуық жазасын өтеушіні қабылдап, арнайы ем тағайындады. Енді мұндай шара жыл сайын өткізіледі. Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылында