Без рубрики

Қатерлі ісікке шалдыққан әйел 4 келі болатын сау баланы дүниеге әкелді

Талғар аудандық орталық ауруханасының әйелдер консультациясына жүктіліктің 14-ші аптасында сүт безінің карциномасы түріндегі ауыр анамнезі бар, орташа ауырлықтағы анемиясы бар әйел жүгінген. Келіншек – 30 жаста. 3 топтағы мүгедек жанға ем-дом МӘМС аясында жасалды. Дәрігерлер науқасты қабылдап, оған ауыр диагнозын хабардар еткен. Барлық қажетті медициналық көмек жасалатынын, мұнымен қоса өмірді ұзартуға мүмкіндік барын жеткізген.

«Біз жүкті әйел диагностика хаттамаларына сәйкес, барлық қажетті зерттеулерден өткізіп, келіншек толыққанды ем алды. Ол әйелдер консультациясына үнемі қатысып, маммолог, онкологтың қажетті кеңестерін алды. Науқас жағдайына байланысты Алматы Онкологиялық орталығында екі рет консилиумнан өтті. Онкологтың ұсынысы бойынша Алматы қаласындағы Акушерлік, гинекология және перинатология орталығына жіберілді. 1 аптадан кейін салмағы 4 кг қызды аман-есен өмірге әкелді», — дейді Талғар аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Нұргүл Матжанова.

Ұзақ уақыт бойы жүктілік кезінде қатерлі ісік ауруын диагностикалау жүктілікті тоқтатуды қажет етеді деп есептелді. Бірақ көп жағдайда жүктілік кезінде ана мен ұрыққа қауіп төндірмей тиісті деңгейде емдеу мүмкін екендігін соңғы зерттеулер көрсеткен.

«Болашақ аналар үшін онкологияның көптеген түрлері ұрыққа тікелей қауіп төндірмейтінін білу өте маңызды. Тек меланома мен лейкоз ұрықта метастаз тудыруы мүмкін, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Алайда жүктілік кезінде онкологияны емдеу белгілі бір қауіп төндіруі мүмкін», — дейді аудандық әйелдер консультациясының меңгерушісі Жанар Оразбаева.

Медицина мамандарының мұндай ұжымдық жұмысы ең маңызды нәтижеге — адамның өмірін сақтауға, емі жоқ аурудың зардабын азайтуға, сондай-ақ өмірге дені сау баланың келуіне мүмкіндік берді.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген «Аңсаған сәби» квотасы 100 пайыз игерілді

Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023
Без рубрики

Алматы облысындағы сотталушылар дәрігерлер тексерісінен өтті

Медициналық қызмет - жалпыға бірдей қолжетімді. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары 150-ге жуық жазасын өтеушіні қабылдап, арнайы ем тағайындады. Енді мұндай шара жыл сайын өткізіледі. Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылында
Без рубрики

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.
Без рубрики

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған.