Без рубрики

Алматы облысының мәдени ұйымдары «Рухани қазына – 2023» фестивалінде жеңімпаз атанды

Еліміздегі мәдени мекемелердің үздігі сараланған жарыста Алматы облысының өкілдері өзге қатысушылардан оза шауып, үздіктер қатарынан көрінді. Жамбыл ауданында орналасқан С. Аронұлының әдеби-мемориалды музейі «Үздік аудандық маңызы бар музей» деп танылды. Мекеме 1 млн теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

«Ерекше сезімдемін, Алматы облысы әкімдігі мен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен республикалық фестивальға қатысудың өзі үлкен мәртебе. Сүйінбай атамыздың атын шарықтатамын деген ой мені жеңіске жетеледі. Ол кісінің өмірі мен мен шығармашылығын насихаттап, Астананың төрінде бас жүлдемен марапатталдық. Өте қуаныштымын», — дейді С. Аронұлы әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Аяужан Сәдуақасова.

Сонымен қатар, Талғар ауданындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің жетекшісі Мейіржан Бахытжанұлы «Ауылдық маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясына ие болды. 500 мың теңге қаржылай сый алды. «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясына Іле ауданына қарасты Ақши ауылдық балалар кітапханасы лайық деп танылды. Мекемеге 1 миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Айта кетейік, мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылығын қолдауға бағытталған фестиваль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен
жылда өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі мәдени мекемелер мен сала қызметкерлері қатысып, өзара бақ сынайды.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Жаңа жыл күндері Қонаевта 10-нан аса сәби дүниеге келді

Ұлу жылы сүйіншімен басталды. Жаңа жыл күндері Қонаев қаласында 10 нан аса сәби дүниеге келген. Қатарында Дінмұхамед есімді азаматта бар. Қазір ол облыс орталығындағы перзетханада жатыр. Айта кетейік, жылдың алғашқы
Без рубрики

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.
Без рубрики

Шала туған нәрестелерді емдеуге арналған құрылғылар табысталды

"A-Class Medical" ЖШС Басқарушы компаниясы инвестиция жоспарына сәйкес, инвесторлардың қаражаты есебінен жаңа туған нәрестелерді емдейтін Интенсивті терапия палатасына (ИТП) неонатальды желдеткіш сатып алды. Осылайша, Талғар перзентханасының дәрігерлері енді бұл жабдықты
Без рубрики

Медицина саласындағы палуан

Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы - зертханашы. Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты