Без рубрики

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру едәуір өсті. Жыл басынан Алматы облысы бойынша сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар 30 млрд теңгеден асқан. Бүгінде аймақта сақтандырылған халық саны 1млн 300 мыңға жуық. Олардың шамамен 70 пайызы жеңілдік санатына жатады. Бұл азаматтар үшін мемлекет жарна төлейді. Осы орайда, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық  филиалының директоры Сәбит Пазылов осы жүйенің мүмкіндіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Alatau24 тілшісі.

— Сәбит Бексейітұлы, Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қаржыландыру көлемі артты ма, не болмаса төмендеді ме? Осыған тоқталыңызшы.

— Алматы облысында 2023 жылға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бюджеті 54 828 737 мың теңгені құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7 271 110 мың теңгеге өсті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 2023 жылға арналған бюджет 76 433 857 мың теңге. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5 817 218 мың теңгеге артық. Яғни, жалпы алғанда бюджет 13,1 миллиард теңгеден астамға өсті.

— Бюджетке енгізілген өзгерістерден соң қандай медициналық көмектерде жаңашылдықтар енгізілді? Кімдермен келісімшарттар бар?

— 2023 жылға арналған бюджетке енгізілген өзгерістерге жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі скрининг, профилактикалық тексеру, стоматологиялық көмек көрсету қызметтерін сатып алуға арналған келісімшарттар кіреді. Толықтырып айтсақ, антенатальды скрининг емдеуге және түзеуге болмайтын ауыр генетикалық хромосомалық және анатомиялық бұзылыстары бар балалардың туылуын болдырмау үшін ұрықтың хромосомалық патологиясы мен туа біткен ақауларын ерте анықтауға және диагностикалауға бағытталған. Скринингке жүктіліктің бірінші, екінші және үшінші триместріндегі ультрадыбыстық диагностика, сондай-ақ ана сарысуының маркерлерін анықтау кіреді. Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгенге дейін стомотологиялық қызмет түрлерін тек мемлекеттік емханалар көрсететін болса, енді жеңілдетілген санатқа жататын қазақстандықтар жекеменшік емханаларда тістерін емдей алады.

— Сақтандырылмаған азаматтар үшін тиімді тәсілдер бар ма?

— Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет.

— МӘМС-тің енгізілуі көрсетілетін қызметтер тізбесін жеңілдетіп я болмаса ұлғайтты ма?

— МӘМС-тің енгізілуі көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту және олардың көлемін ұлғайту бөлігінде ғана емес, сонымен қатар күрделі оталар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Мысалы, кардиохирургиялық операцияларды күту ұзақтығы 3-4 айдан 1 айға дейін, КТ, МРТ – 10 күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар, бұрын ақылы негізде жүргізілген көптеген операциялар, мысалы, есту қабілетін қалпына келтіру отасы МӘМС жүйесінде қол жетімді болды. ПЭТ қызметтері, яғни онкологиялық ауруларды диагностикалау сапасын және оларды емдеудің тиімділігін едәуір арттыратын позитронды-эмиссиялық томография қолжетімді болды.

— Жауапты медициналық ұйымдар тұрғындарға дұрыс қызмет көрсетпесе, қайда шағымдана алады?

— Егер медициналық көмек толық көрсетілмесе немесе бас тартылса, онда бұл жағдайда осы клиниканың пациенттерді қолдау қызметіне жүгіну немесе Call center-1414, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы , Қордың сайты, бот Сактандыр жеделхаттары арқылы медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет, бірақ бұл ретте әрбір медициналық ұйымда пациенттердің барлық мәселесін қарауға арналған «осында және қазір» қызметі бар екеніне назар аударыңыз.

— Күрделі операциялар МӘМС жүйесінде бар ма?

— Әрине, шұғыл және жоспарлы түрдегі қажетті ем-дом, соның ішінде күрделі, әрі қымбат оталар қолжетімді. МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады. Қазірде Алматы облысында бұрын соңды тек шетелде, я өзге облыста ғана жасалатын оталар, осы өңірде өткізіліп жатыр. Мәселен, биыл өңір орталығы Қонаев қалалық ауруханасында 500-ге тарта күрделі операциялар МӘМС аясында тегін жасалды. Халық сақтандырылған мәртебесінің қызығын көріп, алғысын жеткізіп жатыр. Емханаларға барып, кейде медициналық мекеменің тыныс-тіршілігімен танысқан кезде көріп, естіп жатырмыз.

-Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағы қалай?

— Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, амбулаториялық тізбеге жұқпалы және паразиттік аурулар, ас қорыту, эндокриндік бұзылулар, жүйке жүйесі, көру органдарының қабыну және қабыну емес аурулары мен қан айналымы жүйесінің, тыныс алу органдарының сырқаттары кіреді. Бүгінгі күні амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 50-гу жуық, МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 265 атауы бойынша 80-ге тарта ауру қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмектерді алу үшін пациент өзінің учаскелік дәрігеріне баруы керек. Естеріңізге сала кетейік, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.

Сәбит Бексейітұлы,  редакциямызға келіп, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет! Ардақты ағайын, берілген мүмкіндікті пайдаланайық, дегенменде ауырмайық деген тілекпен сұхбатымызды аяқтаймыз.

 

 

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Биыл Қонаев қаласында «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 30-ға тарта отбасы сәбилі болды

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген “Аңсаған сәби” квотасы толығымен игерілді. Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Бүгінде елімізде
Без рубрики

Алматы облысында бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі табысталды

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, Алматы облысындағы бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Жалпы 20-дан астам адам партиялық төсбелгілер мен арнайы грамотаға ие болды.
Без рубрики

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Сонымен, келесі жылы МӘМС-ке қанша
Без рубрики

Алматы облысында МӘМС арқылы 400-ге жуық ота жасалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мүмкіндігі зор. Бұл жүйе аясында Алматы облысы орталығындағы көпсалалы ауруханада жыл басынан бері 400 ге жуық ота жасалған. Жуырда иық артериясы диагнозымен Қонаев тұрғынына операция жасалыпты.