Новости

МӘМС: миына қан құйылған 61 жастағы ер адамға ота жасалды

61 жастағы ер адамға барлық медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілді. Науқасқа ота жасаған нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлының айтуынша, қан кету мидың ісініп, бас миының өзегінің қысылуына әкелген. Әдетте бұндай жағдай жүрек пен тыныс алудың тоқтауына «ықпал» етеді. Науқасқа Қонаев қаласының дәрігерлері шұғыл түрде желке сүйегінің трепанациясын және омыртқа бағанасының резекциясын өткізіп, гематоманы алып, қатты ми қабығының пластикасын жасады.

«Біз науқастың жасына қарамаймыз. Жақында 75 жастағы әйелдің омыртқасынан ісікті алып, омыртқаларын жасанды омыртқаға ауыстырдық. 30 жыл бұрын бұл науқасты емдеу мүмкін болмас еді, қазір емдеу әдістері жеткілікті», — дейді Марат Римұлы өз сөзінде.

Резекциялық трепанация әдетте бас миының жарақаты кезінде, егер бассүйек ішілік қысым күрт көтерілсе немесе сүйектің тұтастығын сақтауға мүмкіндік бермейтін ұсақталған сынықтарда, бас миын декомпрессиялау мақсатында жасалады. Сонымен қатар, артқы бассүйек шұңқырында ота кезінде резекциялық трепанация қолданылады.
Ота жасалған қонаевтық науқас үйіне аман-есен оралды. Ол өзінің өмірін сақтап қалған барлық дәрігерлерге, әсіресе нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлына алғысын білдіріп, емдеу мекемесінің басшылығымен ауруханада жасалған барлық мүмкіндіктер үшін ризашылығымен бөлісті. Жақындарының жанына оралып, өмір сүру ол үшін маңызды екендігін айтты.

Shares:

Related Posts

Новости

Қор міндеттерінің бірі — пациенттермен кері байланысты бақылау

Бүгін «Аlatau24.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық  филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев. Спикер халықты толғандырған жүйе аясындағы өзекті сауалдарға жауап беріп, мәселенің күрмеуін тарқатпақ.   -Тілеухан Шілдебайұлы,
Новости

Кептеліс мәселесі: Алматы облысының әкімі тұрғындардың сауалына жауап берді

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Олар қозғаған мәселелердің қатарында электр қуаттылығының тапшылығы, кептеліс, балық шаруашылығы және жолөткел салу
Новости

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және
Новости

МӘМС-тегі сақтандыру мәртебесі болмаса, науқасқа медициналық көмектен бас тартуға бола ма?

Сақтандырылмаған пациент ТМККК тізбесіне кіретін, бірақ МӘМС пакетінде медициналық қызметтерді ала алмайтын қызметтерді ала алады. Бұл туралы қордың Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар аурулар