Новости

МӘМС: миына қан құйылған 61 жастағы ер адамға ота жасалды

61 жастағы ер адамға барлық медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілді. Науқасқа ота жасаған нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлының айтуынша, қан кету мидың ісініп, бас миының өзегінің қысылуына әкелген. Әдетте бұндай жағдай жүрек пен тыныс алудың тоқтауына «ықпал» етеді. Науқасқа Қонаев қаласының дәрігерлері шұғыл түрде желке сүйегінің трепанациясын және омыртқа бағанасының резекциясын өткізіп, гематоманы алып, қатты ми қабығының пластикасын жасады.

«Біз науқастың жасына қарамаймыз. Жақында 75 жастағы әйелдің омыртқасынан ісікті алып, омыртқаларын жасанды омыртқаға ауыстырдық. 30 жыл бұрын бұл науқасты емдеу мүмкін болмас еді, қазір емдеу әдістері жеткілікті», — дейді Марат Римұлы өз сөзінде.

Резекциялық трепанация әдетте бас миының жарақаты кезінде, егер бассүйек ішілік қысым күрт көтерілсе немесе сүйектің тұтастығын сақтауға мүмкіндік бермейтін ұсақталған сынықтарда, бас миын декомпрессиялау мақсатында жасалады. Сонымен қатар, артқы бассүйек шұңқырында ота кезінде резекциялық трепанация қолданылады.
Ота жасалған қонаевтық науқас үйіне аман-есен оралды. Ол өзінің өмірін сақтап қалған барлық дәрігерлерге, әсіресе нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлына алғысын білдіріп, емдеу мекемесінің басшылығымен ауруханада жасалған барлық мүмкіндіктер үшін ризашылығымен бөлісті. Жақындарының жанына оралып, өмір сүру ол үшін маңызды екендігін айтты.

Shares:

Related Posts

Новости

Қандай жағдайда медициналық қызметкерді үйге шақыруға болады?

Міндетті әлеуметтік медициналық қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері қандай жағдайда медицина мамандарын үйге шақыруға болатынын мәлімдеді. Айтуларынша, жедел жағдайлар немесе созылмалы аурулардың өршуі кезінде, егер сізде кенеттен және айқын органдардың
Новости

Азаматтардың МӘМС-тегі мәртебесі бойынша топ-10 сұрақ

Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.   Мен «жұмыс істемейтін
Новости

Қонаев қаласының дәрігерлері өлім аузында жатқан кейуананы аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында 75 жастағы кейуанаға күрделі ота жасалды. Ол Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына аса ауыр хәлде түскен. Ол үйінде бірнеше күн жатып қалған. Медициналық қызметкерлерге жүгінбеген. Аурухана қабырғасына
Новости

Былтыр қонаевтық дәрігерлер инсультпен түскен 131 науқасты аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілгендердің қатарында 52 жастағы облыс тұрғыны Сәуле Ж. бар. Мамандар науқасқа МӘМС шеңберінде шұғыл ем - тромболитикалық терапияны тегін жүргізген. Бұл ишемиялық инсульт үшін жоғары тиімділігі