Новости

Алматы облысында 187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

Ашықтық — мемлекет пен бұқара арасындағы байланыс құралы. Жергілікті атқарушы билікпен атқарылып жатқан жұмыстардан қараша хабардар болуы үшін таңдалған бірегей шешім. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ондағы бастамалардың тиімділігін ашық көрсету үшін сансыз жобалар қолға алынған, соның бірі – «Цифрлық көшірме» деп аталады. Алматы облысында да аталмыш жоба барлық саланы қамтып, іске асырылу үстінде. Бұл туралы аймақтағы басты ақпараттық алаңда айтылды.

Қазіргі таңда Алматы облысының цифрлық көшірмесінде құрылыс басқармасының атқарар жұмыстары мен нысандар туралы да ақпараттар орналастырылған. Аталмыш басқарманың басшысының орынбасары Серік Наурызғалидің айтуынша, бүгінде платформада 2024 жылы қолданысқа берілетін 38 медициналық нысан туралы толық мағұлмат бар.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде бой көтеретін білім ошақтарының нысандары жайлы егжей-тегжейлі мәліметтер цифрлық көшірмеде көрсетілген.
«Барлық жұмыстар ашық көрсетіледі. Мысалы, «Жайлы мектеп» аясында 53 мектеп салынады. Оның 26-ы биылғы жылы құрылысы жүргізіліп басталса, 2025 жылға қарай қалған 27 мектептің қолданысқа беріледі деп күтілуде. Осы нысандардың барлығы цифрлық көшірмеде жазылған»,-дейді Бағлан Серікұлы.
«Алматы облысының цифрлық көшірмесінде» нысанның атауынан бөлек, оған жұмсалатын қаржы, қолданысқа берілетін уақыты мен құрылысқа жауапты мердігер компания туралы барлық мәлімет көрсетілген. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығына кепіл, дейді жауаптылар.
Цифрлық көшірме тек зәулім ғимараттарды ғана есепке алмайды, мұнда жер телімдеріне қатысты ақпарларды да ақтарып, қарауға мүмкіндік бар.
Алматы облысы жер қатынастары басқармасы басшысының м.а. Артықбай Болғанбаевтың сөзіне сүйенсек, аталған платформаға өткен жылдан қалған және биыл жыл басынан бері анықталған пайдаланбай жатқан 187,5 мың га жер енгізілген. Еске саламыз, облыс аумағында мемлекет меншігіне 28,7 мың га жер учаскелері қайтарылған. Соның ішінде 16,2 мың гектар жер соттың шешімімен мемлекет меншігіне өтсе, 12,5 мың га жер ерікті негізде қайта қайтарылған.
Айта кету керек, цифрлық көшірмеге енгізілген жер телімдері санатына қарай түрлі-түспен белгіленеді.
Артықбай Қуанышбекұлы, платформада әлі де қарастырылуға тиісті жайыт барын жасырып қалмады.
«Суармалы, жайылым жерлер мен мал ұстау орындарын тиісті түспен белгілеп отыру көп уақытты алады. Осыған орай аптасына бір рет аудан және қала әкімдіктерімен ұсынған ақпарат негізінде excel форматқа жинақтап, барлығын бір мезетте енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет. Осы тұстар реттелсе, базада жұмыс жасау әлде қайда тиімді болады»,-деді Артықбай Болғанбаев.

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде
Новости

Балалар арасындағы өкпе қабынуы азайды

Былтыр Алматы облысының орталығында балалар арасында өкпе қабынуы жиі кездескен. Қонаевтық дәрігерлердің айтуынша, қаңтарда сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде төмендеп келеді. Қазірде көпсалалы аурухананың балалар бөлімінде 20-дан аса бала ем қабылдап
Новости

Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ЛОР дәрігерлері мен акушер-гинекологтары жоспарлы түрде жүкті әйелге бір сәтте қос ота жасады. Келіншек ауруханаға мұрынның сол жақ бөлігінен тыныс жетіспеушілігі және қан кету шағымдарымен түскен.
Новости

Қонаевтық дәрігерлер ер адамның аяғын кесуден сақтап қалды

Қонаев көпсалалы ауруханасына 1974 жылғы науқас оң жақ аяғының қатты ауырып, ісінуіне шағымдануымен келіп түскен. 50 жастағы азамат өздігінен жүре алмай қалған. Ауруханада барлық ем ТМККК шеңберінде тегін тағайындалған. Дәрігерлер