Новости

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде  2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да жылдам көмек қажет. Өкпе-жүрек кешені және өкпеден ауыстыратын 15 адам, 138 адамның жүрек ауруының емі де донорлыққа мұқтаж.

Ал, Алматы облысы бойынша 400-ге жуық  науқас ағза трансплантациясына мұқтаж. Бұл туралы Алматы облыстық қайтыс болғаннан кейінгі донорлығы және оған деген көзқарасы туралы трансплантология жөніндегі өңірлік үйлестірушіАқерке Тоеке  мәлімдеді. Маманның айтуынша, ағзаға мұқтаж жандарға дер мерзімінде қол ұшын созып көмек беруіміз қажет. Сондықтан қазірде мәйіттік донорлықты дамыту шарасы қолға алынып жатыр.

«Қазақстан бойынша 7 транспланттау орталығы жұмыс істейді. 40 донорлық стационар, 4 иммунологиялық типтеу зертханасы ұйымдастырылған. Донорлық процесті үйлестіруді, анықтауды және ұйымдас­тыруды қамтамасыз ететін республикалық, өңірлік және стационарлық үйлестірушілер желісі құрылды. 2020 жылы 7 шілдеде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы заңнамаға сәйкес, оның ішінде 212-баптың 3-тармақшасы, яғни «Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) транспланттау үшін алуға, егер алу кезінде медициналық ұйым осы адам тірі кезінде не ол қайтыс болғаннан кейін осы тармақтың екінші бөлігінде аталған өзге адамдар оның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) алуға өзінің келіспейтіні туралы мәлім­дегенінен хабардар болса, жол берілмейді» делінген», — дейді Ақерке Тұрсынбайқызы.

Осы аталған бапқа жаңа редакциямен, яғни «Қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерiн (тінінің бөлігін) транспланттау үшін алуға, егер азамат тірі кезінде ерікті түрде жазбаша нысанда бас тартпаса онда келісілді деп есептеледі. Өзге адамдар оның ағзаларын (ағзасының бөлiгін) және (немесе) тiндерін (тінінің бөлігін) алуға не алмауға өзінің келіспейтіні туралы мәлімдеменің күші болмайды» деп өзгеріс енгізілсе, мұқтаж адамдардың «күту парағы» азаяр еді.

Жоғарыда айтылған заңнамадағы өзге­рістер енгізілсе, өлімнен кейінгі донорлық транспланттауды қарқынды дамыта аламыз.   Ағзаларды трансплантаттау мидың өлімі расталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Мидың өлімі — орталық жүйке жүйесінің, соның ішінде бас миы, ми бағанасы, көпірі, ортаңғы ми және мишықтың функциясының қайтымсыз жоғалуы. «Мидың өлімі» диагнозы жүрек жұмыс істеп тұрған кезде және өкпені жасанды желдету кезінде қойылады және адам өліміне тең болып табылады.

ТІРІ КЕЗІНДЕ ДОНОР БОЛУДАН ҚАЛАЙ БАС ТАРТУҒА НЕМЕСЕ ҚАЙТЫС БОЛҒАННАН КЕЙІН ДОНОР БОЛУҒА КЕЛІСУГЕ БОЛАДЫ?

Қайтыс болғаннан кейінгі ерікті ағза донорлығының тақырыбы әлі де көптеген сұрақтар мен күмәндар тудыруда.

Бірақ егер адам басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өзіне қайтыс болғаннан кейін донор болуға шешім қабылдаса, онда ол кез келген уақытта «Электрондық үкімет» порталында немесе медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға жүгініп, келісім білдіре алады, бұл тіркелген жері бойынша емхана болуы мүмкін.

Сіз сондай-ақ eDensaulyq бөлімінде eGovMobile мобилдік қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ келісіміңізді тіркей аласыз.

Өтініш бергеннен кейін сіз оны өңдеу және келісіміңізді растау туралы бірден жауап аласыз. Сіз қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісімді тіркеу туралы анықтама ала отырып, мемлекеттік қызмет нәтижелерімен бірден таныса аласыз.

Сіз келісімді немесе бас тартуды шектеусіз бере алатыныңызды айта кеткен жөн. Осылайша, адам кез-келген уақытта өз шешімін өзгерте алады.

 

 

 

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін Қонаев қаласындағы Центральная 19 мекенжайында арнайы пункт ашылды. Бұл ретте облыс тұрғындары үшін күн сайын сағат 09.00-ден
Новости

Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде
Новости

Алматы облысының орталығында жаңа форматтағы фестиваль ұйымдастырылады

Алматы облысы әкімдігі және Аспан ФМ жаңа форматтағы «ASPAN FEST» - ашық аспан астындағы ғаламат фестивалін ұсынады. Жаз бойы, апта сайын, Қонаев қаласының орталық алаңында еліміздің ең танымал эстрада жұлдыздары
Новости

Қор міндеттерінің бірі — пациенттермен кері байланысты бақылау

Бүгін «Аlatau24.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық  филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев. Спикер халықты толғандырған жүйе аясындағы өзекті сауалдарға жауап беріп, мәселенің күрмеуін тарқатпақ.   -Тілеухан Шілдебайұлы,