Новости

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен мамандары уақыт созбай санитарлық авияциямен Нарынқол қаласына жол тартты.

Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, әйел жүктіліктің 36 аптасында бел аймағындағы ауырсыну және іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну туралы шағымдармен түскен. Дәрігерлер шұғыл кесарь тілігі отасын жасап, әйел салмағы 3390 грамм қызды дүниеге әкелді. Отадан кейін сегізінші күні науқас баласымен қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.

Бір аптадан кейін жас ана есінен танып, аудандық ауруханаға қайта түсті. Әйелдің жолдасының айтуы бойынша кенеттен есінен танып, үйде құлап қалған.

«Босандыру орталығының директоры Г. С.Жұмадуллаева, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі М.Н.Балтаев, тамыр хирургы Ғ.С.Бақтыбаев, гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі М.М.Қагазбаева және мен Райымбек ауданының Нарынқол ауылына шұғыл бардық. Қысқа уақыт ішінде науқаста төрт рет жүрек қызметінің тоқтауы анықталды. Жүргізілген реанимациялық іс-шаралардың нәтижесінде жергілікті реаниматолог пен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының мамандары пациенттің жүрек — қантамыр қызметін сәтті қалпына келтірді», — дейді АККА кардиолог дәрігері Айгүл Тұрсағатова.

Науқастың жүрек қызметі қалпына келтірілгеннен кейін Республика көлемінде бейінді штаттан тыс мамандарының қатысуымен телемедициналық консилиум ұйымдастырылды.

«Науқаста қабыну процесі тез дамып, ағзадағы көптеген мүшелердің асқынуы байқалып, соның салдарынан бүйрек жеткіліксіздігі пайда болды. Науқас бірден prismaflex гомеостазды экстракорпоральды түзету аппаратына қосылды. Бұл септикалық шоктың ауыр жағдайында бүйректің зақымдануы бар науқастармен жұмыс істеуге арналған арнайы құрылғы. Бұл аппарат бізге 72 сағат бойы терапевтік плазмалық алмасуды және бүйректі алмастыру терапиясын ұзартуға мүмкіндік берді, оның ішінде: метаболизм өнімдерін жою, сұйықтықты шығару, қышқыл-негіз балансын бақылау және электролит балансын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді», — дейді нефролог дәрігер Майра Қағазбаева.

Мамандар аудандық ауруханада төрт тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп, вазопрессорлардың дозаларын азайтып, желдеткіште санитарлық авиация желісі бойынша 5-тәулікте гемодинамиканы тұрақтандыру үрдісі анықталғаннан кейін науқас АККА реанимациясына ауыстырылды.

«Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Л. П. Серікбаевадан ауыр хәлдегі әйел туралы ақпарат алған сәттен бастап біз қажетті диагностикалық әдістермен, дәрілік заттармен және мамандармен қамтамасыз ету бойынша шараларды бірлесіп ұйымдастырдық. Біздің мамандардың үйлесімді топтық жұмысы мен кәсібилігінің арқасында қазіргі уақытта науқас өзін жақсы сезініп, жалпы палатаға ауыстырылды және хаттамаға сәйкес емдеуді жалғастыруда. Мұндай жағдайларда, әдетте, өлім-жітім өте жоғары. Біз бәріміз керемет күш — жігермен науқасты құтқара алғанымызға қуаныштымыз және ол көп ұзамай ауыр зардаптарсыз балаларына орала алады», — деп бөлісті АККА директоры Эльмира Берикова.

Айта кетерлігі, барлық ем-дома науқасқа Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін көрсетілді.

Shares:

Related Posts

Новости

Қарасайда 9 млн теңге тұратын ота МӘМС есебінен тегін жасалды

Қарасай клиникалық көп бейінді аудандық орталық ауруханасы Алматы облысындағы ең ірі медициналық мекеме болып табылады. Нысанға 280 мыңнан астам адам тіркелген. Бүгінде оларға медициналық көмек МӘМС есебінен тегін көрсетіліп отыр.
Новости

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

Дәрігер - хирург Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Сакенов Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен емдеу мекемесіне жоспарлы түрде түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция
Берік Уали
Новости

Берик Уали рассказал, подаст ли Казахстан заявку на вступление в БРИКС

Советник – пресс-секретарь президента Казахстана Берик Уали рассказал о том, что в адрес Касым-Жомарта Токаева поступали предложения о вступлении страны в БРИКС. И глава государства внимательно рассматривает эти предложения с