Новости

Тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді

Жетісу облысының зейнеткерлері тегін заңгерлік кеңес алды. Мұндай мүмкіндікті оларға Жетісу облысының Нотариаттық палатасының өкілдері ұсынды. Игі акция Талдықорған қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтті. Оның қатысушылары өз сұрақтарын қойып, білікті нотариустардан жауап ала алды. Өтініштердің тақырыбы әртүрлі сипатта болды. Әсіресе, ата-әжелер мұрагерлік құқықтарды ресімдеу және өсиетті ресімдеу мәселелеріне қызығушылық танытты.

«Тегін кеңес беру күні — «халық үніне құлақ асатын мемлекет» элементтерінің бірі. Бүгінде мұндай іс-шаралар халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына көмектеседі. Жыл сайын акция көмек көрсететін субъектілердің үлкен шеңберін қамтиды деп ойлаймын. Біздің есігіміз әрбір талдықорғандық үшін ашық. Тілек білдірушілер кез келген уақытта нотариаттық палатаға жүгініп, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады», — деді Жетісу облысының нотариаттық палатасының төрағасы Бекішбаев Арман Сейітжапарұлы.

Акция барысында тұрғындар өздеріне қажетті ақпараттарды алып, заңгерлерге дән риза болды. Қатарында Банугүл Оспанова да бар.

«Қолымыз нотариусқа жетпей жүр еді. Мұндай тегін кеңес беретін акциялардың біз сияқты қарапайым тұрғындарға берері мол. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Нотариустар бізге келді, енді ешқайда барудың қажеті жоқ. Ақпарат пайдалы болды. Жүгінген мәселем бойынша шешімін айтып, әрі қарай не істеу керектігі туралы кеңес берді. Арман Сейітжапарұлына рахмет! Ол және әріптестері бізге уақыт бөліп, не істеуге және қалай әрекет етуге кеңес берді», — деді тұрғын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алда «Нотариус кеңес береді» атты акция дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде  2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да
Новости

Талдықорғанда өткен ғылыми-тәжірибелік конференция: онкоурологияның дамуына жаңа қадам

Алғаш рет Жетісуда облыстық көпсалалы клиника базасында «Онкоурология 2024: теориядан тәжірибеге» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл іс-шара елдегі жетекші онкоурологтар мен өңір мамандарын біріктіріп, онкология саласында білім мен тәжірибе алмасудың
Новости

«Аңсаған сәби»: Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді

Денсаулық  сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі 532  отбасыға «Аңсаған сәби» бағдарламасы игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19
Новости

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста