Новости

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және субдуральды қанның ұюын анықтаған. Одан бөлек, қан тамырларының қысылып, ми қабықтарының замқымдалғанын көрген. Нейрохируг-дәрігер Марат Гизатулиннің айтуынша, ота бірнеше сағатқа созылып, сәтті аяқталған.

«Мұндай ми жарақаттарынан кейін аман қалу қиын. Десе де, науқастың өмірі үшін күрестік. Ми сүйектері үгітіліп кеткен. Көбіне науқастар жол-көлік апатынан немесе абайсызда құлап қалуынан, яғни қатты соққы алуынан осындай жағдайға ұшырайды. Миына қан құйылып, жиналады. Ол адам өміріне аса қауіпті. Адам есін жоғалтып, комаға түсуі тіпті оянбай қалуы мүмкін. Сондықтан дереу ота жасап, адамның бас сүйегін ашып, сынықтар мен қанды алып тастауға күш саламыз. Тек ота жүргізуімен ғана шектелмейді. Бұл тек аман алып қалудың бір жолы ғана. Науқас одан кейін ұзақ уақыт оңалту шараларынан өтеді», — дейді Марат Гизатуллин.

Мамандардың айтуынша, мұндай жарақаттан кейін тұрғындардың 60-70 пайызы көз жұмады. Қазірде медицина қызметкерлері ауыр хәлдегі науқастың өміріне күресті жалғастырып жатыр. Десе де, күрделі отадан кейін науқасқа ерекше күтім қажет. Бүгінде ер адам жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. Реаниматолог-дәрігерлердің бақылауында. Айта кетейік, жыл сайын Қонаев қалалық ауруханасы қабырғасы дәл осындай диагноздағы 30-ға жуық азаматқа ота жасалады. Шұғыл жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде, ал жоспарлы түрде оталар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен тегін жасалып отыр.

ӘМСҚ Алматы облысы филиалының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

Новости

Әкім сайлауы: Жолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен, Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылында туып өстім. Еңбек жолымды 2016 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының спорт ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы
Новости

Вице-министр Әлібек Жамауов Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысында болып, Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті. Вице-министр жылу-энергетика комплексінің ағымдағы жағдайы туралы айтып берді. Қала тұрғындары жылумен қамту, газбен қамту және ЖЭО-дағы жөндеу
Новости

Биыл МӘМС үшін қанша төлейді?

МӘМС төлемдері бойынша ставкалар өзгеріссіз қалды, бірақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшері ұлғайды. Ол бірнеше төлемнің көлеміне әсер етті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында үстіміздегі