Новости

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ қолданысқа берілді

Бүгін Қонаев қаласы және Алматы облысы тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуы үшін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МРТ (магниттік-резонанстық томография) қолданысқа берілді. Енді науқастар МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған мәртебесі болса, МРТ тегін түсе алады.

МРТ аурухана ғимаратынан бөлек орналасқан. Нысанның ашылу салтанатына облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева, қала әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысты.

«Алдымен баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бүгін қала жұртшылығы үшін қуанышты күн. Себебі, бұған дейін науқастар МРТ-ға түсу үшін Алматы қаласына барса, енді бұл қызметтің түрі қолжетімді болды. Шаһарға қарасты ауыл тұрғындары да нақты диагнозын алу мақсатында алысқа бармайтын мүмкіндік алды», – деді өз сөзінде Сәуле Қайырлықызы.

Лейла Серікбаеваның айтуынша, Алматы облысында 3 МРТ қолданысқа берілген. Өңірде 1,5 млн-нан астам халық тұрады екен.

«Облыс екіге бөлінгелі денсаулық сақтау саласына ден қойылып, «Дені сау ұлт» жобасы аясында 3 МРТ сатып алынды. Оның бірі Қонаев қаласында, екіншісі Еңбекшіқазақ ауданында, үшіншісі Қарасай ауданында орналасқан. МРТ – ауруларды ерте уақыттан анықтауға арналған заманауи талаптарға сай келетін жабдық», – деді ол.

Аталған құрылғымен жұмыс жасау үшін медицина қызметкерлері арнайы біліктілік курстарынан өткен. Кабинет халыққа тәулік бойы қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

Shares:

Related Posts

Новости

Қор міндеттерінің бірі — пациенттермен кері байланысты бақылау

Бүгін «Аlatau24.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық  филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев. Спикер халықты толғандырған жүйе аясындағы өзекті сауалдарға жауап беріп, мәселенің күрмеуін тарқатпақ.   -Тілеухан Шілдебайұлы,
Новости

МӘМС — денсаулық сақтау саласындағы халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі

Дүние жүзінің көптеген елінде мемлекет барлық азаматтар мен тұрғындарды ауру немесе жарақат алған жағдайда медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін міндетті медициналық сақтандырумен келісім жасауға міндеттейді. МӘМС төлеушілердің арнайы
Новости

Былтыр қонаевтық дәрігерлер инсультпен түскен 131 науқасты аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілгендердің қатарында 52 жастағы облыс тұрғыны Сәуле Ж. бар. Мамандар науқасқа МӘМС шеңберінде шұғыл ем - тромболитикалық терапияны тегін жүргізген. Бұл ишемиялық инсульт үшін жоғары тиімділігі
Новости

Алматы облыстық мәслихат депутаты МӘМС жүйесі туралы пікір білдірді

Алматы облыстық мәслихат депутаты Гүлнара Кураметова Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тімділігі, оның мүмкіндіктері жайлы пікір білдіріп, бүгіндегі облыстағы медицинаның сапасына тоқталды. "Медицинаның сапасына қатысы сын қызу талқыланып жатыр. Мен де