Қоғам

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық қалаулыларының алдына көмек сұрай келген зейнеткер Сапар Иманғалиевтің айтуынша, көшеде адамнан гөрі қаңғыған ит көп.

«Көшенің бойы тола қаңғыған иттер. Кішкентай балаларға зияны тиіп кете ме деп қорқамын. Базар маңында 15-тен аса итті санап шықтым. Оларға бір шара қолданса екен деймін. Жоғары жаққа жеткізіп, осы мәселе шешімін тапса», – дейді зейнеткер.

Мәжілісмендердің айтуынша, еліміздің аймақтарынан бұралқы иттер туралы шағым үнемі түсіп тұрады. Қазіргі уақытта мәселе рес­публика көлемінде көтеріліп, мәжілісте қаралуда.

Ал Іргелі ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Жұмағали Кемертоған ауылының өзекті мәселелерін атап өтті.

«Ауылда жол сапасы сын көтермейді. Небәрі 4,7 шақырым жолдың ой-шұңқыры көп. Жел сәлкүш алса, жарық өшіп қалатын «дәстүр» пайда болды. Онымен қоса электр энергиясының бағасы бір киловатт үшін 35 теңгеге дейін жетеді. Бұл өте қымбат. Ал 5 мыңнан аса бала оқитын ауыл мектебінің толып кету мәселесі тағы да толғандырады», – дейді тұрғын.

Мәжіліс депутаттары жағдаймен жіті танысып, аталған мәселелердің оң шешілуіне күш салатындарын жеткізді.

Айта кету керек, өткен жылы Қарасай ауданында 6 мектеп ашылды. Ал Кемертоған ауылында үшауысымды мектептің мәселесін шешу үшін 2027 жылға дейін партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 1500 орындықты 2 мектеп салу жоспарланып отыр.

Shares:

Related Posts

Қоғам

AMANAT: Алматы облысында партияның жол картасы аясында ауданға газ берілді

2019 жылы «Алматы – Талдықорған» магистралды газ желісінен көгілдір отын тарту арқылы «Бақанас» автоматтандырылған газ тарату стансасы салынып, ауданға жоғары қысымды құбырлар жүргізілебастаған. Станса құрылысы аяқталған уақытта газ тарату желілерінің
Қоғам

«Кітап-AMANAT»: Отандық әдебиетті ілгерілетуге бағытталған жоба Жетісу өңірінде жалғасын тапты

Осыған дейін Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл, Павлодар облыстарында басталған жоба бүгін Жер жаннаты – Жетісуда жалғасын тапты. «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалында өткен іс-шараға партия Хатшысы Шолпан Каринова, «Қазақстан
Қоғам

Аманаттықтар вандализммен күресуді жалғастырып жатыр

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастыруда. Кеше осы тақырып аясында дөңгелек үстел өтіп, оған белсенділер, сарапшылар, Мәжіліс
Қоғам

Министр Аида Балаева Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

Президенттік реформалар ұзақ мерзімді нәтиже беріп, Қазақстанның дамуы үшін берік іргетасқа айналуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы облысының тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Кездесуде Мемлекет басшысының