Новости

Қарасайда 9 млн теңге тұратын ота МӘМС есебінен тегін жасалды

Қарасай клиникалық көп бейінді аудандық орталық ауруханасы Алматы облысындағы ең ірі медициналық мекеме болып табылады. Нысанға 280 мыңнан астам адам тіркелген. Бүгінде оларға медициналық көмек МӘМС есебінен тегін көрсетіліп отыр. Мұндай ірі ауруханының тыныс-тіршілігі, медициналық қызмет сапасының жағдайын білу үшін аурухана директорының медициналық қызмет және ішкі  аудит жөніндегі орынбасарын сұхбатқа шақырдық.

— Құрметті Дәулет Ерболұлы, «Аlatau24» ақпараттық агенттігінің студиясына қош келдіңіз! Жалпы, Қарасай клиникалық көп бейінді аудандық орталық ауруханасының бүгінгі жағдайы туралы баяндасаңыз. 300 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсететін мекеме қажетті медициналық құрылғылармен жабдықталған ба? Биыл қандай оң өзгерістер бар?

-Қайырлы күн, Мәди мырза! Биыл стационарлық көмек қуаттылығы 522-ден 585-ке дейін өсіп, жаңа бейінді төсектер ашылды. Оның ішінде, 5 дана нейроинсульттік бейін төсектері ашылды.Бұл — аудандық деңгейдегі үлкен жетістік. Яғни, осы жылдан бастап ми тамырларындау ақауы бар науқастардың ми тамырларына шұғыл және жоспарлы оталар жасалады. Жаңа өзгеріс — ми тамырының бұзылыстары және инсульт алған пациенттердің өмірін сақтап қалуға үлкен сеп. Қымбат тұратын заманауи КТ құрылғысы 2019 жылы алынған. Сонымен қатар, алдыңғы жылы ангиограф аппараты алынып кардиохирургия бөлімшесі ашылған болатын. 2024 жылдың басында ауруханамызға алғаш МРТ аппараты қондырылды.

-Тұрғындар МӘМС қорына жарна құйып отыр. Ауданда тегін медициналық қызметке немесе ТМККК шеңберінде қанша қызмет көрсетілді?

— Былтыр жалпы саны 7157 ота жасалды. Оның ішінде 5212 ота шұғыл түрде жасалды. Ірілі-ұсақты оталардың 83%-ы МӘМС жүйесінде жасалды. Биыл 2 мыңға тарта ота, оның ішінде мыңнан астамы МӘМС жүйесінде жасалды. Бұрын соңды шетелде, я өзге қалаларда көрсетілетін мұндай күрделі медициналық көмек біздің аудандық ауруханада жасалынатынын мақтанышпен айта аламын. Біз күн сайын жүргізетін оталар қымбат қызмет түріне жатады.

-Жалпы, өзіңіз дәрігер ретінде МӘМС жүйесінің тиімділігі бар деп ойлайсыз ба? Сақтандыру мәртебесін алу арқылы тұрғындар қандай мүмкіндікке ие болады?

-Сақтандырылмаған азаматтар медициналық көмектің тек базалық түріне қолжетімділік алады. Сақтандырылған азаматтар медициналық көмектің заңнамамен бекітілген көмектің барлық түріне көрсеткіш болғанда ие болады. Мысалы, 2023 жылы дилатациялық кардиомиопатиясы бар 2 науқас құны 9 млн теңгеден астам тұратын отаны МӘМС жүйесінде тегін жасатты.

-Сіздерде қандай қымбаттық, әрі күрделі оталар қолжетімді?

-Аурухана науқастарға жүрекке жасалатын және ортопедиялық оталар қолжетімді. Әрі отаның құны 1 – 4 миллион теңге аралығында тұрады. Былтыр алғаш рет жоғары технологиялық кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектеріне сыртқы бекіту құрылғысын қолдану, бивентрикулярлық дефибрилляторды, жалпы жүйені имплантациялау (CRT-D), автоматты кардиовертер/дефибриллятор имплантациясы сынды қымбаттық оталар жасала бастады. Биыл нейроинсульттік бейіннің ашылуымен эндоваскулярлық  эмболизация отасы енгізілді.

– Осы ретте халықтың денсаулығына жауапты дәрігерлердің біліктілігіне тоқталайықшы.

— 2023 жылы біліктілігін арттыру курсынан 166 дәрігер, 243 орта медициналық қызметкер, 15 басқа да қызметкерлер өтті. Қызметкерлер елімізде және шет елдерде оның ішінде, Ресей, Мысыр елдерінде болып, өзге елдің дәрігерлерінен тәжірибе жинақтап келді. Қазірде білген-түйгендерін әріптестерімен бөлісіп, халықаралық деңгейде медициналық көмек көрсетіп жүр. Биыл мекемеміздегі қызметкерлерді Францияға жіберу жоспарланып отыр.

 

-Дәулет Ерболұлы, редакциямызға келіп, сұхбат бергеніңізге рахмет! Ауырмайық, амандықта жүздесейік, ағайын!

 

Сұхбатты жүргізген: «Аlatau24» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Мәди Сайдильдин.

 

 

Shares:

Related Posts

Новости

МӘМС: Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға артты

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке 34 млрд теңге бағыттау жоспарлануда Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға – 2023 жылғы 32,1 млрд-тан 2024 жылы 34
Новости

Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті

Шара аясында Жамбыл ауданының ірі сауда орталықтарында тұрғындарға тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Игі бастама Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы мен Жамбыл аудандық ауруханасымен бірлесе өткізілді. Аясында қор өкілдері
Новости

МӘМС: миына қан құйылған 61 жастағы ер адамға ота жасалды

61 жастағы ер адамға барлық медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілді. Науқасқа ота жасаған нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлының айтуынша, қан кету мидың ісініп, бас миының өзегінің қысылуына әкелген. Әдетте бұндай жағдай